Жазда ішуге жеңіл сорпаны қалай пісіруге болады: Диана салқын "окрошканың" рецебін ұсынды
Жарияланған күні:
![Окрошка сорпасы. Көрнекі сурет Окрошка сорпасы. Көрнекі сурет](https://cdn.nur.kz/images/1200x675/48618b86cb6f60ad.jpeg)
Окрошка - жаз мезгілінде дайындалатын, жеңіл әрі құнарлы сорпа. Оны үй жағдайында оп-оңай даярлауға болады. Бүгінгі материалда әйгілі сорпаны әзірлеудің ең оңай жолын ұсынамыз.
Окрошка - жаз мауысымында салқын күйінде берілетін жеңіл әрі құнарлы тағам. Әйгілі сорпаның рецебімен танымал фудблогер Диана Есенбекова таныстырады.
Сипаттамасы
Асхана: славян елдері
Санаты: басты тағам
Дайындалу уақыты: 5 минут
Дайын болу уақыты: 10 минут
Құрамы
Жұмыртқаның сарысы - 4 дана
Аскөк, көк пияз - қалауыңызша
Қаймақ - 120 г
Тұз, қара бұрыш - дәміне қарай
Қыша - жарты ас қасық
Айран - 180 г
Газдалған сусын - қалауыңызша
Картоп - 3 дана
Қияр - 2 дана
Редис көкөнісі - 3-4 дана
Ет - 300 г
Дайындалуы
1. Жұмыртқаның сарысы мен көк шөптерді араластырамыз
![Жұмыртқа пен көк шөптерді араластырамыз. Скриншот Жұмыртқа пен көк шөптерді араластырамыз. Скриншот](https://cdn.nur.kz/images/1120/8b3fd83b262b89ed.jpeg)
Жұмыртқаның сарысын шанышқымен жақсылап езіп аламыз. Үстінен аскөк, көк пиязды ұсақтап турап, барлығын жақсылап араластырамыз.
2. Қаймақ пен қышаны қосамыз
![Қаймақ, қыша, тұз, бұрыш қосамыз. Скриншот Қаймақ, қыша, тұз, бұрыш қосамыз. Скриншот](https://cdn.nur.kz/images/1120/7e6c5f361f52ff3b.jpeg)
Қоспаға қаймақ пен қыша қосамыз. Дәміне қарай тұз бен бұрыш себеміз. Барлығын жақсылап араластырамыз.
3. Айран мен газдалған сусынды қосамыз
![Айран мен газдалған фусынды қосамыз. Скриншот Айран мен газдалған фусынды қосамыз. Скриншот](https://cdn.nur.kz/images/1120/f7c3a7bfd3b5924b.jpeg)
Қоспаға алдымен айранды құямыз. Сосын газдалған сусынды қосамыз. Барлық құрамды жақсылап араластырамыз.
4. Картоп пен қиярды қосамыз
![Картоп пен қиярды қосамыз. Скриншот Картоп пен қиярды қосамыз. Скриншот](https://cdn.nur.kz/images/1120/b8328f69c61c6a07.jpeg)
Картопты пісіріп аламыз. Сосын орташа етіп, шаршы түрінде турап, сорпаға қосамыз. Қиярды да орташа шаршы пішінде түрінде турап, негізгі құрамға қосамыз.
5. Редисканы қосамыз
![Редисті турап, қосамыз. Скриншот Редисті турап, қосамыз. Скриншот](https://cdn.nur.kz/images/1120/94d07917680315cf.jpeg)
Орташа мөлшердегі редис көкөнісін тазалап жуып, орташа шаршы түрінде тураймыз. Сорпаға қосамыз.
6. Шұжық немесе етті қосамыз
![Етті турап қосамыз. Скриншот Етті турап қосамыз. Скриншот](https://cdn.nur.kz/images/1120/dab13463df385924.jpeg)
Алдымен етті пісіріп аламыз. Ұсақтап турап, сорпаға қосамыз. Еттің орнына қалауыңызша шұжық қоссаңыз болады. Осылайша окрошка тағамы дайын болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2134962-zhazda-ishuge-zhengil-sorpany-qalai-pisiruge-bolady-diana-salqyn-okroshkanyng-retsebin-usyndy/