Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құлпынай джемі: Гүлжанат Нұрышевадан жазғы тосап рецебі

Жарияланған күні:

Құлпынай джемі. Скриншот
Құлпынай джемі. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Құлпынай джемін жаз мезгілінен бөлек, қысқа да сақтап қойсаңыз болады. Балалар сүйіп жейтін тосаптың рецебімен бүгінгі материалда таныс боалсыздар.

Құлпынай джемінің ерекше рецебімен танымал фудблогер Гүлжанат Нұрышева таныстыратын болады. Блогердің YouTube арнасында осыдан бөлек өзге де түрлі дәмді тағамдардың рецебімен таныса аласыздар.

Сипаттамасы

Асхана: Еуропа

Санаты: десерт

Дайындалатын уақыты: 10 минут

Дайын болу уақыты: 15 минут

Құрамы

Құлпынай (тазартылған) - 1,5 кг.

Қант - 1,5 кг

Лимон шырыны - 2 ас қасық

Дайындалуы

1. Құлпынайды тазартамыз

Құлпынайды тазартамыз. Скриншот
Құлпынайды тазартамыз. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Құлпынайды түбінен тазартып, жақсылап жуып аламыз. Джемге қажет қант пен лимон шырынын да алдын ала дайындап қоямыз.

2. Құлпынайдан пюре жасаймыз

Құлпынайды блендермен еземіз. Скриншот
Құлпынайды блендермен еземіз. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Жуылған құлпынайды түбі қалың кастрюльге саламыз. Сосын блендермен жақсылап езіп, жидектен пюре жасаймыз.

3. Қант қосамыз

Құлпынай пюресіне қант қосамыз. Скриншот
Құлпынай пюресіне қант қосамыз. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Құлпынай пюресіне қант қосамыз. Екеуін жақсылап араластырамыз.

4. Джемді қайнатамыз

Джемді қайнатамыз. Скриншот
Джемді қайнатамыз. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Дайын болған джемді орташа отқа қойып, қайнатамыз. Тосаптың асты күйіп кетпес үшін, оны жиі-жиі араластырамыз. Қайнаған соң, джемнің көбігін аламыз.

5. Лимон шырынын қосамыз

Лимон шырынын қосамыз. Скриншот
Лимон шырынын қосамыз. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Қайнап бітерге 5-7 минут қалғанда, лимон шырынын қосамыз. Джемді жақсылап араластырамыз. Лимон шырынын қосу маңызды. Ол джемде қою қызыл түс пен қышқылтым дәм береді.

6. Дайын болған джемді банкаларға құйып шығамыз

Дайын джемді банкаларға құямыз. Скриншот
Дайын джемді банкаларға құямыз. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Дайын болған джемді таза банкаға құямыз. Осылайша, үй жағдайында джемді оңай әрі тез дайындауға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2137506-qulpynai-dzhemi-gulzhanat-nuryshevadan-zhazgy-tosap-retsebi/