jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

Құлпынай бәліші: түрлі жеміс-жидектен пісіруге болатын дәмді десерттің рецебі

Құлпынай бәліші. Көрнекі сурет
Құлпынай бәліші. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жаз маусымында жақындарыңызды түрлі жеміс-жидектен әзірленетін тәттілермен қуантсаңыз болады. Солардың бірі - құлпынай бәліші. Жасалу жолы оңай әрі дәмі тіл үйіретін десерттің рецебімен бүгінгі материалда таныс болыңыздар.

КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
  • Фудблогер Гүлнар Ертай құлпынай бәлішінің рецебін ұсынады.
  • Бәліш құрамында жұмыртқа, қант, сары май, ұн, қопсытқыш және құлпынай бар.
  • Дайындалу процесі алты қадамнан тұрады, соңында бәліш 180 градуста 25-30 минут пісіріледі.

Дәмі тіл үйіретін құлпынай бәлішінің рецебімен фудблогер Гүлнар Ертай таныстырады. Фудблогердің желідегі парақшасында тәтті десерттермен бірге көптеген дәмді тағам рецептерімен де таныс бола аласыздар.

Сипаттамасы

Асхана: Еуропа

Санаты: десерт

Дайындалу уақыты: 15 минут

Дайын болу уақыты: 25-30 минут

Құрамы

Жұмыртқа - 3 дана

Тұз - шым-шым

Қант - 120-150 г

Cары май - 120 г

Ұн - 200 г

Қопсытқыш - 1 шай қасық

Құлпынай - 250 г

Бәліштің бетіне арналған қамыр:

Қант - 20 г

Ұн - 50 г

Сары май - 30 г

Дайындалуы

1. Қант пен жұмыртқаны араластырамыз

Қант пен жұмыртқаны араластырамыз. Көрнекі сурет
Қант пен жұмыртқаны араластырамыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алдымен шұңыл ыдысқа жұмыртқаларды жарып, саламыз. Үстінен қант себеміз. Сосын екеуін көпіргенше, жақсылап араластырамыз.

2. Cары май қосамыз

Сары май қосамыз. Көрнекі сурет
Сары май қосамыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жұмыртқа мен қанттың қоспасына бөлме температурасындағы сары майды қойсамыз. Миксермен барлығын жақсылап араластырамыз.

3. Ұн қосамыз

Ұн мен қопсытқыш қосамыз. Көрнекі сурет
Ұн мен қопсытқыш қосамыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бәліштің сұйық құрамына електен өткен ұн мен қопсытқышты қосамыз. Осылайша, ұнды біртіндеп қосып, сұйық қамыр дайындаймыз.

4. Қамырды формаға құйып, бетіне құлпынайды саламыз

Қамырды формаға құйып, бетіне құлпынайды турапс аламыз. Көрнекі сурет
Қамырды формаға құйып, бетіне құлпынайды турапс аламыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қамырды формаға құйып, бетіне туралған құлпынайды саламыз.

5. Бәліштің бетіне қамыр дайындаймыз

Бәліштің бетіне арналған ұн мен сары май. Көрнекі сурет
Бәліштің бетіне арналған ұн мен сары май. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бәліштің бетіне ұн мен қант, сары майды араластырып, үгілімелі қамыр дайындаймыз. Оны бәліштің бетіне біркелкі етіп себеміз.

6. Бәлішті пісіреміз

Бәлішті пісіреміз. Көрнекі сурет
Бәлішті пісіреміз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Формадағы бәлішті алдын ала қызып тұрған пешке, 180 градуста, 25-30 минут пісіреміз. Піскен бәліштің бетіне әсемдік үшін, қант ұнтағын сепсеңіз болады.

Құлпынай бәліші: түрлі жеміс-жидектен пісіруге болатын дәмді десерттің рецебі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.