Дәмді кешкі ас: Диана Есенбековадан ерекше тағам рецебі
Жарияланған күні:
Кешкі аста отбасыңызды таң қалдыру үшін, ет қосылған картоппен бірге, оның бетіне қамырдан раушан гүлдерін жасап көріңіз. Ерекше тағамның рецебімен бүгінгі материалда таныс болыңыздар.
- Диана Есенбекованың кешкі асқа арналған ерекше рецепті ұсынады: картоп пен етке қоса қамырдан жасалған раушан гүлдері.
- Рецептің құрамына қамыр, салма және негізгі тағамға қажетті ингредиенттер кіреді, оның ішінде сиыр еті, көкөністер және дәмдеуіштер бар.
- Дайындау процесі қамыр илеу, салма дайындау, қамырды жаю және раушан тәрізді орама жасау, етті маринадтау және қуыру сияқты бірнеше кезеңнен тұрады.
Сипаттамасы
Асхана: Азия елдері
Санаты: басты тағам
Дайындалу уақыты: 20 минут
Дайын болу уақыты: 45 минут
Құрамы
Қамырына:
Жылы су - 1,5 стакан
Жұмыртқа - 1 дана
Тұз - 1 ас қасық
Ұн - 300-400 г
Салмасына:
Пияз - 1 дана
Сәбіз - 1 дана
Тартылған сиыр еті - 400 г
Тұз, қара бұрыш, кинза - дәміне қарай
Сұйық май - мөлшеріне қарай
Негізгі тағамға:
Сиыр еті - 1 кг
Дәмдеуіштер - қалауыңызша
Тұз, қара бұрыш - дәміне қарай
Пияз - 1 дана
Картоп - 0,5 кг
Салат жапырақтары - қалауыңызша
Дайындалуы
1. Қамыр илейміз
Шұңғыл ыдысқа алдымен жылы суды құйып, бір жұмыртқаны жарып саламыз. Сосын бір ас қасық тұз қосамыз. Үстінен електен өткізілген ұнды сеуіп, жұмсақ қамыр илеп аламыз. Бетін жауып, тындырып қоямыз.
2. Салмасын дайындаймыз
Пияздың қабығын аршып, орташа етіп турап аламыз. Сәбізді үккіштен өткіземіз. Тартылған сиыр етін қосамыз. Дәміне қарай тұз, қара бұрыш пен кинзаны қосамыз. Барлығын жақсылап араластырамыз.
3. Қамырды жаямыз
Тындырылған қамырды жұқа етіп жаямыз. Сосын орташа мөлшерде, ұзынша етіп кесеміз. Әр тілімге сұйық май жағамыз.
4. Қамырдан раушан тәрізді орама жасаймыз
Сұйық май жағылған қамыр тілімдеріне жұқа етіп салмасын саламыз. Екі жақ шетін түйеміз. Сосын шетінен гүл тәрізді етіп, ораймыз. Осылайша, манты пісіретін табақшаларды майлап, орамаларды орналастырамыз. Бетін майлап, пісіреміз.
4. Етті маринадтаймыз
Сиыр етін шұңғыл ыдысқа салып, дәміне қарай тұз, қара бұрыш, кәуәпқа арналған дәмдеуіш пен паприканы қосамыз. Өзіңіздің қалауыңызша басқа да дәмдеуіштерді қоссаңыз болады. Барлығын жақсылап араластырамыз.
5. Ет пен пиязды қуырамыз
Қазанға сұйық майды құйып, алдын ала қыздырып аламыз. Сосын етті салып, 20 минуттай қуырамыз. Сосын бетіне пиязды салып, тағы қуырамыз.
6. Картоп қосамыз
Ет бұқтырылған соң, картопты аршып, ірілеу етіп турап, қазанға саламыз. Сөйтіп 30 минутқа бетін жауып, баяу отта бұқтырып қоямыз.
7. Тағамды дастарханға ұсынамыз
Табаққа алдымен салат жапырақтарын саламыз. Сосын шетіне картопты, ортасына піскен етті саламыз. Бетіне гүл орамаларды салып, қызыл пияз, көк пияз, қызанақты турап, тағамды әсемдейміз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2153962-damdi-keshki-as-diana-esenbekovadan-erekshe-tagam-retsebi/