Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бет бұлшықетінің қартаюы: қалай күтінуге болады

Жарияланған күні:

Әйел келбеті
Әдемі әйел бейнесі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бұлшықеттің қартаюы жағымсыз құбылыс болып саналмайды. Себебі бет терісі ұзақ уақыт бойы тонусын сақтайды. Дерматологтар Брендан Кэмп және Джессика Крант қартаюдың бұл түріне қатысты беттің әдемілігін сақтауға арналған кеңестерін ұсынады.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Бет бұлшықетінің қартаюы негізінен азиялықтарда кездесетін сирек морфотип болып, 45-50 жасқа дейін беттің тонусы сақталып, содан кейін терең әжімдер мен қара дақтар пайда болады.
  • Бұл қартаю түріне темекі шегу, алкоголь ішу, семіздік, күйзеліс және нашар тамақтану сияқты сыртқы факторлар әсер етеді, ал оның алдын алу үшін бет бұлшықеттерін босаңсыту, дұрыс тамақтану және арнайы күтім жасау маңызды.
  • Дерматологтар Брендан Кэмп пен Джессика Кранттың айтуынша, бет терісін жас сақтау үшін SPF 30 кремін қолдану, ылғалдандырғыштар мен ретинол қосылған өнімдерді пайдалану, сондай-ақ биоревитализация, фототерапия және ботокс инъекциялары сияқты косметологиялық процедуралар тиімді.

Бұлшықеттің қартаюы азиялықтар арасында жиі кездеседі

Қартаю - қашып құтылмайтын құбылыс. Адамның жасы ұлғайған сайын беттің құрылымы өзгереді, бірақ өзгерістің көп бөлігі тері астындағы май қабатында, сүйек пен бұлшықетте болады.

Қартаюдың бұлшықеттік түрі сирек кездесетін морфотиптердің бірі болып есептеледі. Мұндай қартаюдың негізгі себебі - беттің қимылы мен пішініне жауап беретін бұлшықеттердің қаттылығы мен серпімділігінің төмендеуі.

Бұлшықет морфотипі көбіне азиялықтарда кездеседі. Олардың бұлшықет қабаты мықты, тері асты шел майы деңгейі орташа әрі тығыз, қалыпты немесе майлы тері болып келеді. Олардың жақ сүйектері шығыңқы, ұрты шүңірейген және мимикаларымен ерекшеленеді.

Қартаю белгілері кешірек пайда болады

Тері қартаюының бұлшықеттік түрін қалай анықтауға болады? Оның негізгі ерекшеліктері мынадай:

  1. Бет ұзақ жыл бойы қартаймайды: 45-50 жасқа дейін беттің тонусы мен сопақ қалпы сақталады, тері тегіс және серпімді болып қалады, адам жас көрінеді.
  2. Әжімдер аяқ астынан және тез пайда болады. Әдетте бұл май тінінің азаюына және беттің "кішіреюіне" байланысты.
  3. Әжімдер терең болады, әсіресе маңдайда, ерін айналасында және төменгі қабақ бөліктерінде айқын көрінеді.
  4. Мұрын-ерін қатпары қатты тереңдейді, ауыз бұрышы, қабақ салбырап кетеді, бірақ бет сопақшасы деформацияланбайды.
  5. Қара дақ пайда болады, көздің асты қарауытады.

Қартаюдың бұл түрі ер адамның жасы ұлғайған сайын ажарлы көрсете түседі. Ал әйелдің беті нәзіктігін жоғалта бастайды. Бұлшықеттік қартаю түрі қандай танымал тұлғаларда кездеседі. Мысал ретінде супермодель Синди Кроуфорд және актрисалар Деми Мур мен Люси Льюді айтуға болады.

Беттің ұсақ моторлы қозғалысы әжімнің пайда болуына әсер етеді

Пластикалық хирург Лесли Стивенс қартаюдың айқын көрінетін белгілері бірегей генетикалық жағдайға байланысты тезірек пайда болады дейді. Генетика тері жасушаларында болатын процестерге және оның жастық ресурстарды сақтау қабілетіне әсер етеді.

Медбике Келли Вала әжімдер көп жыл бойы беттің жиі ұсақ моторлы қозғалысынан болады деп санайды. Ең жиі кездесетіні:

  • Қас арасындағы әжімдер. Көбіне қабағын түйетін немесе жиі алаңдайтын адамдарда пайда болады.
  • Көздің айналасындағы майда сызықтар. Күнге қарай алмай көзді жұму, бөлме жарығының нашар болуы немесе компьютер экранының алдында тым ұзақ отырғаннан пайда болады.
  • Ауыздың шетіндегі әжімдер. Мұндай әжімдер ерінді тыржитқан кезде, мысалы, темекі шегу немесе сабан талы арқылы сусын ішкен кезде пайда болады.

Жоғарыда аталған әрекеттерді үнемі қайталау майда сызықтар мен әжімдердің пайда болуына ықпал етеді. Уақыт өте келе олар тұрақты әжімдерге айналады.

Бетін ұстаған әйел
Бетін ұстап тұрған әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Теріс факторлар қартаюды жылдамдатады

Бұлшықеттің қартаю процесіне сыртқы теріс факторлар әсер етеді. Олардың ішінде:

  1. Темекі шегу және алкогольді сусын ішу. Никотин мен этил спирті теріге пайдалы заттардың сіңуін нашарлатады, коллаген-эластин талшықтарын бұзады, бұлшықет тонусын және ісінуді тудырады.
  2. Семіздік. Артық салмақ веноздық жеткіліксіздікті арттырады, соның салдарынан жасушаларға оттегі жетіспейді, гиалурон қышқылы, коллаген және эластин өндірісі нашарлайды.
  3. Күйзеліс. Кортизол деңгейін арттыруға көмектеседі. Бұл терінің сусыздануына, оның тосқауылдық функцияларының бұзылуына, тонусы мен серпімділігінің төмендеуіне әкеледі.
  4. Нашар тамақтану. Дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі бұлшықеттің тонусына теріс әсер етеді.

Бұл факторлар бұлшықеттің ерте қартаюына әсер етеді, тонусын нашарлатады.

Қартаюды профилактикалық әдістер арқылы баяулатуға болады

Ұзақ уақыт бойы әжімдер пайда болмау үшін бет бұлшықетін тонуста ұстау керек. Мына кеңестер жастық шағыңызды ұзартуға көмектеседі:

  1. Тістеріңізді күтіңіз. Бұлшықет қабатының негізін қамтамасыз ететін жақсы сүйек тіні екенін есте ұстаңыз.
  2. Бет бұлшықеттерін босаңсытыңыз. Бұлшықет морфотипіне қарай қысым анық байқалады. Бұлшықетті босаңсыту үшін үнемі өзіңіз немесе косметолог-массажистен массаж алыңыз.
  3. Темекі шегуді тоқтатыңыз. Шылым жүрек ауруы мен өкпенің қатерлі ісігінің қаупін арттырудан басқа, тері проблемаларына әкелуі мүмкін. Темекі шегу кезінде бет қимылы салдарынан әжімдер пайда болады.

Бет бұлшықетінің қартаюына қарсы не істеу керек? Бұлшықет тонусын жақсы сақтау үшін дұрыс тамақтаныңыз, жаман әдеттерден бас тартыңыз және теріңізге үнемі күтім жасаңыз. Күйзеліске түспеңіз, бет бұлшықетін тырыстырмаңыз.

Бет күтімі
Бетіне күтім жасаған әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Күтім және сұлулық процедуралары жастығыңызды ұзартады

Терінің жас көрінуіне өзіңіз мүмкіндік жасаңыз. Ол үшін мынадай өнімдерді үнемі қолданыңыз:

  1. Ылғалдандырғыштар. Теріні тыныштандырады және әжімдерді азайтады.
  2. С дәрумені қосылған косметикалық өнімдер. Қара дақты шығармауға көмектеседі.
  3. Ретинолы бар өнімдер. Жасушаның жаңаруын жеделдетеді, коллаген өндірісін арттырады, тері өңі мен құрылымын жақсартып, әжімдерді азайтады.

Дерматолог Брендан Кэмп қара дақтар мен әжімдердің алдын алу үшін күніне кемінде суға төзімді, кең спектрлі күннен қорғайтын 30 SPF кремін жағуға кеңес береді. Қартаюдың бұлшықеттік түрімен күресуде салондардағы мынадай процедуралар тиімді:

  • Биоревитализация. Терінің серпімділігі мен жылтырлығын сақтауға көмектеседі.
  • Фототерапия және ағартатын пилингтер. Пигменттерді кетіреді және теріні біркелкі етеді.
  • Ботокс инъекциялары. Ірі әжімдерді тегістейді, бет бұлшықетін босаңсытып, қыртыстарды жазады.

Косметолог-дерматолог Джессика Крант былай түсіндіреді: Нейромодулятор терінің астына әсер етеді, бұл әжімдерді тудыратын бұлшықет белсенділігіне тосқауыл болады. Бет терісінің кешенді күтімі қартаюдың бұлшықеттік түрін айтарлықтай баяулатады.

Қартаюдың бұлшықеттік түрі мұрын-ерін қатпарлары, маңдай және қабақ аймағында анық көрінеді. Оған қоса қара дақ, терең әжімдер және қыртыстар пайда болады. Теріңіз ұзағырақ жас боп көріну үшін жаман әдеттерден бас тарту керек, бет бұлшықет жағдайын бақылап, босаңсуды үйрену керек әрі дұрыс күтім жасауды ұмытпаған жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2157993-bet-bulshyqetining-qartaiuy-qalai-kutinuge-bolady/