Аджика: Риза Нұрланқызынан қысқа арналған ащы салатты жасаудың ең оңай тәсілі
Жарияланған күні:
Күз мезгілі жеткелі, көкөністерді көптеп алып, олардан қысқа түрлі салаттар жапқан абзал. Солардың бірі - аджика. Тәбетті ашатын салатты үй жағдайында қалай оңай даярлауға болады? Бүгінгі материалдан білетін боласыздар.
- Фудблогер Риза Нұрланқызы аджика дайындаудың ең оңай тәсілін көрсетеді.
- Аджиканы жасау үшін қызанақ, ащы қызыл бұрыш, тәтті қызыл бұрыш, сарымсақ және басқа да ингредиенттер қолданылады.
- Дайындау процесі көкөністерді тазалау, ет тартқыштан өткізу, қайнату, дәмдеуіштер қосу және блендерден өткізіп, ыстық күйінде банкаларға құюдан тұрады.
Аджиканы дайындаудың ең оңай тәсілімен белгілі фудблогер Риза Нұрланқызы таныстырады. Блогердің YouTube арнасынан осы іспеттес түрлі тағамдардың жасалу жолымен танысуға болады.
Сипаттамасы
Асхана: Абхаз халықтары
Санаты: тіскебасар
Дайындалу уақыты: 20 минут
Дайын болу уақыты: 35-40 минут
Құрамы
Қызанақ - 1 кг
Ащы қызыл бұрыш - 150 гр
Тәтті қызыл бұрыш - 1 кг
Сарымсақ - 130-150 гр
Тұз- 40 гр
Қант- 60 гр
Сірке суы 9% - 50 мл
Дайындалуы
1. Көкөністерді жуып, турап аламыз
Аджикаға қажет көкөністердің барлығын жуып, тазалап аламыз. Сосын ірілеу етіп турап, ет тартқыштан өткізуге дайындаймыз.
2. Көкөністерді ет тартқыштан өткіземіз
Көкөністерді тазалаған соң, ет тартқыштан өткіземіз. Осы ретте аджикаға қажет ащы бұрыштың ішіндегі дәндерін де тазалау керектігін еске саламыз. Себебі, ол салатты тым ащы қылып жіберуі мүмкін.
3. Дәмдеуіштерді қосамыз
Ет тартқыштан өткізілген көкөністерді шұңғыл ыдысқа салып, баяу отқа қоямыз. Аджика қайнаған сәтте оған барлық дәмдеуіштерді қосамыз. Барлығын жақсылап араластырамыз. Аджиканы қайнатқан кезде ыдыстың қақпаған ашып қойыңыз, сонда аджика қою болады.
4. Аджиканы блендерден өткізіп, банкаларға саламыз
Аджиканы блендерден өткізіп, ыстық күйінде банкаларға құямыз. Аджиканың қалған бөлігін арнайы кондитерлік пакеттерге салып, тоңазытқышқа, қысқа қатырып қоюға болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2161954-adzhika-riza-nurlanqyzynan-qysqa-arnalgan-ashy-salatty-zhasaudyng-eng-ongai-tasili/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.