jitsu gif
Тағам

    Туралған қияр: Нұрзина Серікбаевадан қияр тұздаудың ерекше тәсілі

    Туралған қиярды тұздау. Скриншот
    Туралған қиярды тұздау. Скриншот: YouTube/Nurzina Serikbayeva

    Күзгі маусымда көкөністерді тұздап, қысқа қазірден бастап дайындалғаныңыз абзал. Әдетте көптеген қыз-келіншектер қиярды тұтастай тұздап жатса, бүгінгі рецептте қияр тұздаудың ерекше рецебін ұсынатын боламыз.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    close
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Нұрзина Серікбаева қияр тұздаудың ерекше әдісін ұсынады - қиярды тұтастай емес, туралған күйінде тұздау.
    • Рецепт бойынша қиярды туралып, арнайы дәмдеуіштермен, сарымсақпен және аскөкпен бірге банкаларға салынады.
    • Тұздау процесі қайнаған су, тұз, қант, аспирин және сірке суын қосу арқылы жүзеге асырылады, нәтижесінде дәмді тіскебасар дайындалады.

    Туралған қиярды тұздау әдісімен танымал фудблогер Нұрзина Серікбаева таныстыратын болады. Блогердің YouTube арнасынан осы сынды көптеген тағамның рецебімен таныса аласыздар.

    Сипаттамасы

    Асхана: славян

    Санаты: тіскебасар

    Дайындалу уақыты: 1 cағат

    Дайын болу уақыты: 10 минут

    Құрамы

    Сарымсақ - 12 дана

    Аскөк - қалауыңызша

    Қант - 2 ас қасық

    Қияр - 3 кг

    Тұз - 4 ас қасық

    Лавр жапырақтары - 4 дана

    Қара домалақ бұрыш - 16 дана

    Хрен жапырақтары - 4 дана

    Сірке суы қоспасы

    Дайындалуы

    1. Қияр мен сарымсақты тураймыз

    Қияр мен сарымсақты тураймыз. Скриншот
    Қияр мен сарымсақты тураймыз. Скриншот: YouTube/Nurzina Serikbayeva

    Алдымен қиярды губкамен жақсылап жуып, екі жақ шетін алып тастаймыз. Сосын суық суға салып, 2-3 cағатқа қалдырамыз. Кейін қиярды судан алып, орташа төртбұрыш пішінде тураймыз. Сонымен бірге, сарымсақтың қабығын аршимыз.

    2. Банкаларды тазартып жуып, дәмдеуіштерді саламыз

    Банкаларды тазартып жуып, ішіне дәмдеуіштерді саламыз. Скриншот
    Банкаларды тазартып жуып, ішіне дәмдеуіштерді саламыз. Скриншот: YouTube/Nurzina Serikbayeva

    Банканың қақпақтарын қайнаға суға салып, қайнатып аламыз. Сол сияқты көлемі 0,5 л және 1 л болатын банкаларды дайындаймыз. Ол үшін банкаларға қайнаған суды құйып, қақпағын жауып, 5 минутқа қалдырамыз. Сосын ішіндегі суын төгіп тастаймыз. Хрен жапырақтарын жуып, әр банкаған хрен мен аскөк өскіндерін саламыз. Сонымен бірге әр банкаға 3 тісше сарымсақ пен лавр жапырағын, қара домалақ бұрышты саламыз.

    3. Қиярды банкаларға саламыз

    Туралған қиярды банкаларға саламыз. Скриншот
    Туралған қиярды банкаларға саламыз. Скриншот: YouTube/Nurzina Serikbayeva

    Туралған қиярды банкаларға саламыз. Бөлек шәйнекке суды қайнатып, банкадағы қиярдың бетіне, барлығын жауып тұратындай етіп құямыз. Банкалардың бетін қақпақпен жауып, 30 минутқа қалдырамыз.

    4. Тұз, қант пен аспирин қосамыз

    Тұз, қант, аспирин қосамыз. Скриншот
    Тұз, қант, аспирин қосамыз. Скриншот: YouTube/Nurzina Serikbayeva

    Әр банкадағы суды төгіп тастаймыз. Сосын 0,5 л банкаға 0,5 қасық тұз бен 1 л банкаға 1 ас қасық тұз қосамыз. Қантты да дәл осындай мөлшерде қосамыз. Сонымен бірге әр банкаға аспиринді де дәл осындай көлемде қосамыз. Тағы да суды қайнатып, әр банғаға құйып шығамыз. Аспиринді салып, оның толық еруін күтеміз.

    5. Банкаларды жабамыз

    Банкаларды жабамыз. Скриншот
    Банкаларды жабамыз. Скриншот: YouTube/Nurzina Serikbayeva

    Көлемі 0,5 л банкаға 1–3 тамшы сірке суын, ал бір литрлік банкаларға 0,5 шай қасық сірке суын қосамыз. Банкалардың қақпақтарын арнайы құралмен мықтап бекітіп жабамыз. Банкаларды төңкеріп, жылы көрпешемен жауып қойыңыз. Банкалардың 1-2 күннен кейін суық жерге шығарып қойсаңыз болады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.