Қытырлақ гранола: Риза Нұрланқызынан таңғы асқа гранола әзірлеудің рецебі
Жарияланған күні:
Гранола - таңғы асқа оңай әрі тез жасалатын, пайдалы тағамдардың бірі. Оны үй жағдайында оп-оңай дайындауға болады. Бүгінгі рецептте ең дәмді граноланы даярлаудың құпиясымен бөлісетін боламыз.
- Фудблогер Риза Нұрланқызы үй жағдайында дәмді гранола дайындаудың рецептімен бөліседі.
- Гранола жасау үшін сұлы, грек жаңғағы, кокос ұнтағы, асқабақ дәндері, бал, арахис пастасы және шоколад қолданылады.
- Граноланы дайындау процесі құрғақ ингредиенттерді араластыру, бал мен арахис пастасын қосу, шоколад қосу және пеште 20 минут пісіруден тұрады.
Граноланы америкалық шіркеу қызметкері ойлап тапқан деген дерек бар. Таңғы асқа таптырмас тағам болып табылатын қытырлақ граноланың ең дәмді рецебімен фудблогер Риза Нұрланқызы таныстыратын болады.
Сипаттамасы
Асхана: Америка
Санаты: десерт
Дайындалу уақыты: 10 минут
Дайын болу уақыты: 20 минут
Құрамы
Сұлы - 300 гр
Грек жаңғағы - 200 гр
Кокос ұнтағы - 50 гр
Асқабақ дәндері - 50 гр
Бал - 150 гр
Арахис пастасы - 1,5 шай қасық
Шоколад - 50 гр
Дайындалуы
1. Граноланың құрғақ құрамын араластырамыз
Шұңғыл ыдысқа алдымен сұлы ұнтағын, сосын грек жаңғағы мен кокос ұнтағын саламыз. Соңында асқабақ дәндерін қосамыз. Барлығын жақсылап араластырамыз. Айта кетерлігі, аталған жаңғақтар мен дәндердің орнына сіз өзіңізге ұнайтын кез келген дәндерді пайдалана аласыз.
2. Бал мен арахис пастасын қосамыз
Құрғақ дәндерді біріктіру үшін аздап ерітілген балды қосамыз. Сол сияқты гранолаға әдемі дәм беру үшін, арахис пастасын да қосамыз.
3. Шоколад қосамыз
Гранолаға қант қосылмайтындықтан, ол тәтті болуы үшін, кокос ұнтағынан бөлек шоколад қоссаңыз да болады. Ол үшін, плитка шоколадты ұсақтап турап, барлығын бірге араластырыңыз.
4. Граноланы пешке саламыз
Противеньге пергамент қағазын төсеп, үстіне граноланы салып, тегістеп шығамыз. Осы кезде пешті алдын ала 150 градусқа қойып, қыздырып аламыз. Противеньді салып, 10 минутқа қоямыз. Сосын граноланы алып, бір араластырып алып, тағы 10 минутқа саламыз. Осылайша, гранола дайын болып шығады.
5. Граноланы суытып, ыдысқа салып қоямыз
Дайын болған граноланы толығымен суытамыз. Сосын банкаға салып, бетін жауып қоямыз. Мұндай гранола 2-3 апта ғана сақталатынын ұмытпаңыздар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2163678-qytyrlaq-granola-riza-nurlanqyzynan-tanggy-asqa-granola-azirleuding-retsebi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.