Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәмді қой сорпасы: күздігүні бойыңды жылытатын ерекше тағам

Жарияланған күні:

Дәмді қой сорпасы. Көрнекі сурет
Дәмді қой сорпасы. Көрнекі сурет: YouTube/ RecipeTin Eats

Көкөніс қосылған қой сорпасы сіздің отбасыңыздың сүйікті тағамына айналуы мүмкін. Бүгінгі материалда үй жағдайында оңай әрі тез дайындалатын, дәмді қой сорпасының рецебімен таныстыратын боламыз.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Қой сорпасын үй жағдайында дайындаудың оңай әрі жылдам әдісі ұсынылады.
  • Сорпаның құрамында қой еті, көкөністер, нұт және дәмдеуіштер бар.
  • Дайындау барысы бес негізгі қадамнан тұрады: сарымсақ пен пиязды қуыру, ет пен дәмдеуіштерді қосу, нұт пен сәбізді қосу, сорпа мен қызанақты қосу, соңында шпинат қосу.

Күз мезгілі келіп, күн салқындай бастағанда жақындарыңызға көкөніс пен нұт қосылған дәмді қой сорпасын әзірлеп берсеңіз болады. Тойымды әрі пайдалы кешкі астың рецебімен төменде таныса аласыздар.

Сипаттамасы

Асхана: Азия елдері

Санаты: басты тағам

Дайындалу уақыты: 5 минут

Дайын болу уақыты: 30 минут

Құрамы

Шпинат - дәміне қарай

Сарымсақ - 2 тісше

Қызанақ - 400 г

Паприка - 2 шай қасық

Сәбіз - 2 дана

Зәйтүн майы - 2 ас қасық

Пияз - 1 дана

Акжелкен, көк пияз - дәміне қарай

Тұз - 1 шай қасық

Қара бұрыш - 0.5 шай қасық

Тауық сорпасы - 750 мл

Корица - дәміне қарай

Кориандр - 2 шай қасық

Қой еті - 500 г

Тмин - 2 хай қасық

Томат пастасы - 2 ас қасық

Нұт - қалауыңызша

Дайындалуы

1. Сарымсақ пен пиязды қуырамыз

Сарымсақ пен пиязды қуырамыз. Скриншот
Сарымсақ пен пиязды қуырамыз. Скриншот: YouTube/ RecipeTin Eats

Сарымсақ пен пияздың қабығын аршимыз. Сарымсақты пышақпен ұсақтаймыз, ал пиязды майдалап тураймыз. Кастрюльге зәйтүн майын құйып, оған сарымсақ пен пиязды салып, екеуін жақсылап қуырып аламыз.

2. Тартылған ет пен дәмдеуіштерді қосамыз

Тартылған ет пен дәмдеуіштерді қосамыз. Скриншот
Тартылған ет пен дәмдеуіштерді қосамыз. Скриншот: YouTube/ RecipeTin Eats

Қой етін ет тартқыштан өткізіп аламыз. Сосын оны пияз бен сарымсақ қуырылып жатқан табаға саламыз. Барлығын жақсырап араластырып, қуырамыз. Еттің түсі сарғыш бола бастағанда, оған тмин, кориандр, паприка, аздаған корицаны қосамыз. Сосын томат пастасын қосып, барлығын жақсылап араластырамыз.

3. Нұт пен сәбізді қосамыз

Нұт пен сәбізді қосамыз. Скриншот
Нұт пен сәбізді қосамыз. Скриншот: YouTube/ RecipeTin Eats

Сәбіздің қабығын алып, шаршы түрінде тураңыз. Консервіленген нұттың суын төгіп, жақсылап жуып жіберіңіз. Екеуін сорпаның қалған құрамына қосамыз.

4. Сорпаны құйып, қызанақты қосамыз

Сорпа мен қызанақты қосамыз. Скриншот
Сорпа мен қызанақты қосамыз. Скриншот: YouTube/ RecipeTin Eats

Сорпаға томатпен бірге қызанақты қосыңыз. Сөйтіп кастрюльдің бетін жауып, орташа отта 10 минут қайнатыңыз.

5. Шпинат қосамыз

Шпинат қосамыз. Скриншот
Шпинат қосамыз. Скриншот: YouTube/ RecipeTin Eats

Шпинатты жуып, қағаз сүлгімен құрғатамыз. Сосын ірілеу етіп турап, сорпаға қосамыз. Шпинат жұмсарғаннан кейін, сорпаға тұз, қара, қызыл бұрышты дәміне қарай қосамыз. Егер сорпа қою болса, аздаған қайнаған су қоссаңыз болады. Бірер минут бұқтырып, қой сорпасын дастарзанға ұсыныңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2164581-damdi-qoi-sorpasy-kuzgi-kuni-boiyngdy-zhylytatyn-erekshe-tagam/