Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хит болған Дубай шоколады: тәтті десертті қалай жасауға болады

Жарияланған күні:

Трендтегі Дубай шоколады. Көрнекі сурет
Трендтегі Дубай шоколады. Көрнекі сурет: pixabay.com

Хит болған Дубай шоколадын үй жағдайында да оңай әрі тез жасауға болады екен. Трендтегі тәттінің ең оңай жасалу жолымен бүгінгі рецептте бөлісетін боламыз.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Дубай шоколадын үй жағдайында дайындаудың оңай әдісі ұсынылады.
  • Рецепт құрамында сүтті шоколад, фисташка пастасы, катаифи қамыры және бояғыш қолданылады.
  • Дайындау процесі бес қадамнан тұрады: катаифи қуыру, фисташка пастасын қосу, шоколадты еріту, формаға құю және тоңазытқышта қатыру.

Трендтегі Дубай шоколадын фудблогер Мария Вехера ойлап тапқан. Үй жағдайында жеңіл жасалатын жолмен танымал отандық фудблогер Гүлжанат Нұрышева таныстырады.

Сипаттамасы

Асхана: Дубай

Санаты: десерт

Дайындалу уақыты: 15 минут

Дайын болу уақыты: 5 минут

Құрамы

Сүтті шоколад - 100 гр

Фисташка пастасы - 50 гр

Катаифи - 100 гр

Бояғыш - қалауыңызша

Дайындалуы

1. Катаифи қамырын ұсақтап турап, қуырамыз

Катаифи қамырын тураймыз. Скриншот
Катаифи қамырын тураймыз. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Дайын катаифи қамырын ұсақтап турап аламыз. Сосын майды табада қыздырамыз. Ерітілген сары майда қамырды алтын түстес болғанға дейін, жақсылап қуырамыз. Егер қамыр жақсылап қуырылмаса, онда шоколад қытырлақ болып шықпайды.

2. Фисташка пастасын қосамыз

Фисташка пастасын қосамыз. Скриншот
Фисташка пастасын қосамыз. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Фисташка пастасын қосып, екеуін жақсылап араластырамыз. Пастаны таңдарда, жақсысын алғаныңыз жөн болады. Сонда шоколад дәмді болып шығады.

3. Шоколадты ерітеміз

Шоколадты ерітеміз. Скриншот
Шоколадты ерітеміз. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Бельгиялық шоколадты алдымен қысқа толқынды пешке салып, аздап ерітіп аламыз. Сосын араластырып, тағы 30 секундқа қойып, шоколадты толығымен, сұйық болғанша ерітеміз.

4. Формада шоколадты жинаймыз

Формада шоколадты жинаймыз. Скриншот
Формада шоколадты жинаймыз. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Шоколадқа арналған формаға алдымен шоколадты құямыз. Сосын ортасына фисташка пастасы қосылған катаифи қамырын саламыз. Үстіне қайтадан шоколадты құйып, бетін жауып шығамыз.

5. Шоколадты тоңазытқышта қатырамыз

Шоколадты қатырамыз. Скриншот
Шоколадты қатырамыз. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Шоколадты тоңазытқышқа 30 минут, мұздатқышта 15 минут қатырып, ортасынан бөліп, дастарханға ұсынсаңыз болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2164596-hit-bolgan-dubai-shokolady-ui-zhagdaiynda-tatti-desertti-qalai-daiyndauga-bolady/