Қысқа таңқурайды қалай сақтау керек: ең пайдалы тәсіл
Жарияланған күні:
Таңқурай - өте нәзік жидек, сол себепті оны сақтағанда барлық талаптарды қатаң ұстанған дұрыс. Қыста таңқурай өзінің хош иісі мен бойындағы пайдалы дәрумендерін жоғалтпау үшін, қалай қатыру керек? Бүгінгі рецепттен білетін боласыздар.
- Таңқурайды қысқа сақтау үшін оны тазалап, қантпен араластырып, арнайы контейнерлерге салу керек.
- Таңқурайды сақтау процесі бірнеше қадамнан тұрады: тазалау, езу немесе блендерден өткізу, қантпен араластыру және ыдыстарға салу.
- Осылайша сақталған таңқурайды шай, құймақ, балмұздақ, ботқа және торт сияқты тағамдарға қосуға болады.
Сипаттамасы
Асхана: Еуропа
Санаты: десерт
Дайындалу уақыты: 5 минут
Дайын болу уақыты: 3 минут
Құрамы
Қант - 1 кг
Таңқурай - 1 кг
Дайындалуы
1. Таңқурайды қатыруға дайындап аламыз
Алдымен таңқурайды іріктеп, бүлінген жидектері мен арасындағы жапырақтарды тазартып аламыз. Егер жидекті сатып алсаңыз, онда оны суық сумен кепкірде жуып алғаныңыз жөн болады. Ол үшін кепкірдің ішіне таңқурайды салып, суға бірнеше рет малып аламыз. Жуылған таңқурайды құрғатамыз.
2. Жидекті блендерден өткіземіз немесе еземіз
Егер жидектердің тұтас болғанын қаласаңыз, онда таңқурайды шанышқымен езіңіз. Ал, таңқурайдың тосап түрінде болғанын ұнатсаңыз, онда блендермен ұсақтасаңыз болады.
3. Таңқурайды қантпен араластырамыз
Таңқурайға қантты қосыңыз. Барлығын қант ерігенше жақсылап араластырыңыз. Сосын 10 минутқа қалдырыңыз.
4. Таңқурайды ыдыстарға саламыз
Қантпен араласқан таңқурайды контейнерлерге саламыз. Ыдыстарға саларда, таңқурайды контейнерге толтыра салған дұрыс. Сонда жидек көпке дейін сақталатын болады. Ыдыстардың бетін жауып, сыртына күні мен жылын жазып қойсаңыз болады. Мұндай таңқурайды шайға, құймақпен бірге жеуге, балмұздақ, ботқа, тіпті тортты безендіруге де қолдансаңыз болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2166520-qysqa-tangquraidy-qalai-saqtau-kerek-eng-paidaly-tasil/