Табысын сұрау, ақыл айту: жігітпен кездескенде әйелдер қандай қателік жібереді
Жарияланған күні:
Бірдеңені дұрыс істемедім бе? Уақытты жақсы өткізген сияқты едік қой, неге кейін хабарласпады? Тұлғааралық қарым-қатынас жөніндегі сарапшы Наталья Ермолова кездесулердегі жиі кездесетін қателіктер туралы айтып берді.
- Тұлғааралық қарым-қатынас сарапшысы Наталья Ермолова әйелдердің романтикалық кездесулерде жіберетін негізгі қателіктері туралы кеңес береді.
- Сарапшы кездесулерде өз болмысын сақтап қалу, асыра сілтемеу және рөлге кірмеу маңызды екенін атап өтеді.
- Әйелдер жіберетін басты қателіктерге бұрынғы қарым-қатынастар туралы айту, жаңа танысына мәселелерін артып қою және оның табысын тәпіштеп сұрау жатады.
Менің ережелерімнің бірі – әрқашан өз болмысыңды сақтап қалу. Ер адаммен танысқан кезде де осы қағиданы ұстану керек. Сапалы қарым-қатынас бір-біріне сай келетін және өз болмысынан қорықпайтын, өз болмысын қабылдай алатын адамдар арасында туындайды.
Әрине, ұнатып қалған адаммен кездесудің алғашқы кезеңдерінде біз бойымыздағы ең жақсы қасиеттерді көрсеткіміз келеді. Бірақ асыра сілтеп жібермеу маңызды. Рөлге кіріп кетпеуге немесе өзіңізді өзіңізден жақсы немесе нашар көрсетпеуге тырсыңыз. Өзіңді өзіңнен басқа адам ретінде көрсетуге тырысу тым көп энергияны қажет етеді және нәтиже беруі екіталай, өйткені өмір бойына басқа біреудің рөлінде жүру мүмкін емес.
Өз болмысыңыздан алшақтамаңыз, егер маңызды сұрақ қойғыңыз келсе, күлкілі немесе ебедейсіз көрінуден қорықпаңыз. Дегенмен, әдепсіз сұрақтар мен бос даулардан сақ болыңыз. Өз көзқарасыңыз болсын және оны айтудан қорықпаңыз.
Кездесуде, әсіресе бірінші кездесуде жақсы әсер қалдыру маңызды. Тіпті жинақы киінген және көңіл күйі көтеріңкі қызбен жігіттер көшеде де танысқысы келеді. Ол күлімсіреп, іс-әрекетімен әлемге ашық екенін және мейірбандығын көрсетеді. Мен сәл алға жылжып, бірінші сөйлемнен кейін жіберілетін қателіктер туралы айтқым келеді "Сәлеметсіз бе! Сүйкімді екенсіз! Танысып қояйық!".
Қыздардың кездесуде жіберетін негізгі қателіктері
Бәрі де қателікке бо алдырады. Қателескен дұрыс, бірақ кейбір қателіктердің кесірінен жігіт қызды мүлде кездесуге шақырмай қоюы мүмкін. Сонымен, қыздар танысқан кезде қандай қателіктер жіберуі мүмкін? Кейбір жайттарды егжей-тегжейлі түсіндіріп, ал кейбіреулерін жай ғана тізіп шығайын:
- Пікірталасқа түсу. Бұл екеуіңізді де шаршатады.
- Сұрамаса да ақыл айту. Ақыл айтқыңыз келіп тұрған күннің өзінде өзіңізді ұстаңыз.
- Тыңдай білмеу немесе тыңдағың келмеу. Сөзін тыңдағысы келмейтін, қызығушылық танытпайтын адаммен көп ешкімнің сөйлескісі келмейді.
- Өтірік. Өтірік айтудан гөрі мәселені талқылауды қаламаймын немесе дайын емеспін деп айту жақсы.
Әрі қарай кейбір жиі кездесетін қателерді тереңірек қарастырамыз. Сонымен кездесуде не істеуге болмайды?
Бұрынғы жігітіңіз туралы айту
Алғашқы кездесудегі бұл тыйымды бәрі біледі деп ойлаймын. Дегенмен, бұрынғы қарым-қатынастар туралы айту көбінде жаңасын бастауға кедергі келтіреді. Егер сіздің бұрынғы қарым-қатынасыңыз әлі де көп эмоциялар тудыратын болса, сізге тыныштық бермейтін болса, алдымен соны ретке келтіріп алыңыз, содан кейін ғана басқа адаммен қарым-қатынас құруға болады.
Жаңа танысқан жігітке мәселелеріңді артып қою
Бастаған ісіңіздің кері кетіп, жолыңыз болмай жүргенін немесе қандай да мәселе туындап тұрғанын мойындағанда тұрған ештеңе жоқ. Бірақ сіз жаңа танысып отырған ер адамды мәселелеріңізді шешіп беруге бірден көндіруге тырыспауыңыз керек. Біріншіден, әлі ерте. Екіншіден, ол адам сенімге құрылған мықты қарым-қатынас құру үшін бар мәселесін шешіп беруді талап ететін дәрменсіз қызды емес, толыққанды жұбын іздеп жүрген болуы мүмкін.
Елемеу немесе оның табысын тәпіштеп сұрау
Кездесуге барғанда басқа біреумен телефон арқылы сөйлесіп отырып, жігітті елеусіз қалдыру әдепсіздік болар еді. Егер қандай да бір мәселе туындап, шұғыл түрде шешуіңіз керек болса, кешірім сұраңыз, жағдайды түсіндіріп, басқа уақытта кездесуді ұсыныңыз. Осылайша сіз де онымен жақынырақ танысып, біліскіңіз келетінін білдіресіз және жігіт сізді қашып кетті деп ойламайды.
Кездесуде, тіпті оған дейінгі кезеңде де ең басты қателіктің бірі – адамның қаржылық жағдайын тәпіштеп сұрау. Егер сіз оның қанша табатынын, ақшасын сұрап, сұрақтың астына алсаңыз, жігіт сізді кездесуге шақырмауы мүмкін. Тіпті сізбен сөйлесуден мүлде бас тартуы мүмкін.
Қорытындылай келе, кез келген жағдайда өз болмысыңызды сақтап қалыңыз дер едім. Ақжарқын, ашық, ізденімпаз болыңыз, серігіңізге сізді тануға, жақсы қасиеттеріңізді көрсетуге және сіздің жаныңызда өзін жайлы сезінуге мүмкіндік беріңіз. Лайықты адам оны міндетті түрде бағалайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2167044-tabysyn-surau-aqyl-aitu-zhigitpen-kezdeskende-aielder-qandai-qatelik-zhiberedi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.