Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұйықтап жатқан адамды суретке түсіруге бола ма

Жарияланған күні:

Ер адам ұйықтап жатыр
Ұйықтап жатқан ер адам. Көрнекі фото: freepik.com

Ұйқыдағы адам қорғансыз болып көрінеді. Сол әсерлі образды естелік ретінде суретке түсіргің келеді. Бұл мақалада доктор Абрахам Хаимның пікіріне сүйеніп, ұйықтап жатқан адамды суретке түсіруге болатын-болмайтынын талдаймыз.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Ұйықтап жатқан адамды суретке түсіру эстетикалық, этикалық және қауіпсіздік тұрғысынан мәселелер тудыруы мүмкін. Доктор Абрахам Хаимның айтуынша, бұл әрекет адамның денсаулығы мен ұйқысының сапасына теріс әсер етуі мүмкін.
  • Діни және мистикалық сенімдер бойынша, ұйықтап жатқан адамды суретке түсіру рухани қауіп төндіреді. Кейбір наным-сенімдер бойынша, бұл әрекет адамның жанына зиян келтіруі немесе оны қара магияның құрбанына айналдыруы мүмкін.
  • Психологиялық тұрғыдан, ұйықтап жатқан адамды, әсіресе балаларды суретке түсіру олардың қорғансыз жағдайын пайдалану болып саналады. Сондықтан, бұл мәселеге жауапкершілікпен қарау керек.

Ұйықтап жатқан адамның суреті тартымсыз шығады

Эстетика тұрғысынан алғанда ұйықтап жатқан адам аса тартымды көрінбеуі мүмкін. Бет әлпетін және дене қалпына мән бермей суретке түсіре салсаңыз, күлкілі немесе ыңғайсыз фотосуреттер шығуы мүмкін. Егер бұл фотосуреттер адамның рұқсатынсыз түсіріліп, жарияланса, бұған ол адам ренжімесе, қуана қоймайтыны анық.

Этикалық тұрғыдан дұрысы – суретке түсіретініңізді ескерту, сонда ғана фотограф пен модель күлкілі және есте қаларлық фотосессия жасай алады. Бұл жағдайда сюжетті имитациялауға болады.

Ұйықтап жатқан балалар әлсіз келеді

Фотосуретте ұйықтап жатқан балалар сүйкімді көрінеді десек те, ұйықтап жатқан балаларды суретке түсіруге бола ма? Medium әлеуметтік басылымы авторларының жазуынша, ұйықтап жатқан баланың ересектерге қарағанда қорғанысы әлдеқайда әлсіз келеді, сондықтан биоэнергетика мамандары әлеуметтік желілерде ұйықтап жатқан балалардың фотосуреттерін жариялауға кеңес бермейді. Сәбилердің суреттері баласы жоқ жұптардың қызғанышын тудырып, қапаландыруы мүмкін.

Ұйықтап жатқан адамдардың фотосуреттерінің қаупі туралы дәрігерлердің өз көзқарастары бар. Индиана университетінің Мейірбике ісі мектебінің қызметкері Келли Преториус бастаған ғалымдар тобы нәрестелердің 24 суретін зерттеген. Зерттеу нәтижесі таңғалдырады: фотосуреттердің 86 пайызында қауіпті көрсеткен, яғни ол суреттерде бала ішімен, ауа өтуіне кедергі келтіретін заттың үстінде жатқан.

Жаңа туған нәресте ұйықтап жатыр
Ұйықтап жатқан нәресте. Көрнекі фото: freepik.com

Қайтыс болғаннан кейінгі фотосуреттермен ұқсастықтар

Мичиган университетінің Клементс кітапханасы сайты жариялаған ақпарат бойынша, 1830 жылдары фотосуретте технологиялық жаңалықтардың пайда болуымен марқұмның туыстары қайтыс болған анасының, әкесінің, ағасының, әпкесінің, досының шынайы бейнесін ала алды. Ауқатты адамдар қайтыс болған жақынын суретке түсіріп қана қоймай, бірге отбасылық фотосуретке де түскен.

Қазіргі адамдарға мұндай әрекет марқұмды қорлау болып көрінеді. Ұйқыдағы адамдар мен қайтыс болған адамдар арасындағы байланыс осыдан туындаған. Тағдырмен ойнауға болмайды, өйткені бұлыңғыр фотосуреттегі ұйықтап жатқан адам өлі адамға ұқсайды. Бұл энергетикалық деңгейде ауруды, тіпті өлімді тартуы мүмкін.

Ұйықтап жатқан адамдарды суретке түсірудің діни астары бар

Көптеген діни ілімдеге сәйкес, әрбір адамның тәнімен қоса жаны да бар. Кейбір сенімдер бойынша, адам ұйқыға кеткен кезде оның жаны тәнді уақытша тастап, қорғаушы періштенің сүйемелдеуімен нәзік әлемдерді аралауға шығатынына сенімді болған. Осы сәтте ұйықтап жатқан адамның тәнін періште қорғамайды, сондықтан жындардың шабуылына ұшырауы мүмкін деген сенім болған.

Бірқатар наным-сенім бойынша, егер ұйықтап жатқан адамды суретке түсірсеңіз, тосын жайттар болуы мүмкін. Мәселен, фотоаппараттың дыбысынан оянған қайтыс болып кетеді, өйткені жанның қайта оралуға уақыты болмайды.

Исламда ұйықтап жатқан адамдарды суретке түсіру тұрғысынан не делінген? Islam-Today басылымының жазуынша, егер ол жақсы ниетте істелсе, суретке түсіруге тыйым салынбайды. Ұйықтап жатқан адамның суреті оның келісімінсіз түсіріледі. Сондықтан ондайға жол беруге болмайды.

Әйел ұйықтап жатыр
Ұйықтап жатқан әйел. Көрнекі фото: freepik.com

Фото – энергияны соруға арналған портал

Британиялық психологиялық қоғам сайтындағы мәлімет бойынша, ырымдардың нанымдылығы сонша, адамдар оның дұрыс емес екенін біле тұра, одан арыла алмайды. Ежелгі заманнан бері адамдар тіл мен көзден қорқады.

Ұйықтап жатқан адамның суретін көбінде қара магиямен айналысатындар пайдаланады. Сиқыршылар сурет арқылы адамды оңай дуалап тастай алады.Ұйықтап жатқан адам энергетикалық тұрғыдан алғанда әлсіз келеді, сондықтан одан қорғана алмайды.

Адамда энергетикалық қорғаныс өрісі болады. Ояу адамдар мен олардың жанын бір метрдей қашықтықта қорғаныс аурасы қоршап тұрады, бірақ ұйықтап жатқанда қорғаныс әлсірейді. Ұйықтап жатқан адамды суретке түсіру оның энергетикалық қабықшасына тисі және әлсіретін қосымша фактор болып саналады. Психикалық жағдайына байланысты ұйықтап жатқан адамға мұндай кезде қауіп төнеді.

Ұйықтап жатқан адамды суретке түсіру оның денсаулығына зиян келтіреді

Фотосуретке түсіру кезінде жарықтың жарқылы адамның денсаулығы мен ұйқысының сапасына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Доктор Абрахам Хаим бастаған зерттеушілер тобының мәлімдеуінше, ағзаның көптеген функциясына мелатонин (ұйқы гормоны) қатысады.

Домалақ бездегі мелатонин өндірісі жарыққа сезімтал келеді, тіпті азғана жарықтың өзі оның жұмысын тоқтатып тастайды. Камера ысырмасының немесе жарқылдың шыртылы қорқыныш тудырады. Сондықтан, жалпы адамдарды, әсіресе балаларды ұйықтап жатқан кезде суретке түсіру құпталмайды.

Ер адам фотоаппаратпен суретке түсіріп тұр
Фотограф. Көрнекі фото: freepik.com

Ұйықтап жатқан адамдарды суретке түсіру-тусірмеуге қатысты пікірталас көп. Дегенмен бұл мәселеге жауапкершілікпен қараған жөн. Жоғарыда келтірілген жайттар негізінде ой түйіп, қандай да бір шешім шығаруды өз еркіңізге қалдырдық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2167050-uiyqtap-zhatqan-adamdy-suretke-tusiruge-bola-ma/