Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балалық шақтың дәмі: Диана Есенбековадан әйгілі "муравейник" тортының ерекше рецебі

Жарияланған күні:

Муравейник десерті. Скриншот
Муравейник десерті. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

"Муравейник" тортының дәмін татпаған адам кемде-кем болар. Балалық шақтың дәмін еске салатын ерекше десертті үй жағдайында оңай әрі тез жасауға болады. Бүгінгі рецептте дәмді десертті даярлаудың оңай әрі ерекше жолымен таныстыратын боламыз.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Мақалада балалық шақтың дәмін еске салатын "Муравейник" тортын үй жағдайында дайындаудың жолы көрсетіледі.
  • Фудблогер Диана Есенбекова берген рецепт бойынша, тортты дайындау үшін жұмыртқа, қант, сүт, сары май, ас содасы және ұн қажет.
  • Дайындау барысында қамырды иленіп, тоңазытқышта ұсталады, содан кейін үккіштен өткізіліп пісіріледі, ал кремі қоюлатылған сүт пен балдан жасалады.

"Муравейник" десертін америкалықтар ойлап тапқан деген дерек бар. Үй жағдайында аталған десерттің жасалу жолымен танымал фудблогер Диана Есенбекова таныстыратын болады.

Сипаттамасы

Асхана: Америка

Санаты: десерт

Дайындалу уақыты: 10 минут

Дайын болу уақыты: 25 минут

Құрамы

Жұмыртқа - 3 дана

Қант - 200 г

Cүт - 1 стакан

Сары май - 100 г

Ас содасы - 1 шай қасық•

Ұн - 800 г

Кремге қажет заттар:

Сары май - 100 г

Қоюлатылған сүт - 300 г

Бал - 5 ас қасық

Дайындалуы

1. Жұмыртқа мен қантты араластырамыз

Жұмыртқа мен қантты араластырамыз. Скриншот
Жұмыртқа мен қантты араластырамыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Шұңғыл ыдысқа үш жұмыртқаны жарып, үстінен қант сеуіп, екеуін жақсылап араластырып аламыз.

2. Cүт пен ерітілген сары майды құямыз

Сүт пен ерітілген сары майды құямыз. Скриншот
Сүт пен ерітілген сары майды құямыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Жұмыртқа мен қантқа бір стакан сүт пен ерітілген сары майды құямыз. Барлығын венчикпен жақсылап араластырамыз.

3. Ұн қосып, қамыр илейміз

Ұн қосып, қамыр илейміз. Скриншот
Ұн қосып, қамыр илейміз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Сұйық қоспаға аз-аздап ұн қосамыз. Ұнның үстіне бір қасық ас содасын қосуды ұмытпаймыз. Осылайша жұмсақ қамыр илейміз.

4. Қамырды бөліп, тоңазытқышқа қоямыз

Қамырды жайып, төртке бөлеміз. Скриншот
Қамырды жайып, төртке бөлеміз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Иленген қамырды жайып, төрт бөлікке бөлеміз. Әр бөлігін тоңазытқышқа 3-4 сағатқа қоямыз.

5. Қамырды үккіштен өткізіп, пісіреміз

Қамырды үккіштен өткіземіз. Скриншот
Қамырды үккіштен өткіземіз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Тоңазытышқыштан шыққан қамырды ұнға аунатып, үккіштен өткізіп аламыз. Қамырды ұнға неғұрлым көп аунатқан сайын, қамыр соғұрлым бір-біріне жабыспайтын болады. Сосын ұсақталған қамырды електен өткізіп, пешке 180 градусқа, 15 минутқа қоямыз.

6. Крем дайындап, піскен қамырмен араластырамыз

Крем мен қамырды араластырамыз. Скриншот
Крем мен қамырды араластырамыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Табаққа сары май, қоюлатылған сүт пен балды салып, ерігенше қайнатып аламыз. Дайын болған қамырға кремді құйып, жақсылап араластырамыз.

7. Муравейникке пішін беріп, бетін сәндейміз

Классикалық муравейник. Скриншот
Классикалық муравейник. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Дайын болған муравейникті стаканның ішін сулап, тығыздап саламыз. Сосын жалпақ ыдысқа төңкеріп, бетін сұйық шоколадпен сәндейтін боламыз. Осылайша, балалық шақтың дәмін еске салатын, классикалық муравейник дайын болып шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2170689-balalyq-shaqtyng-dami-diana-esenbekovadan-aigili-muraveinik-tortynyng-erekshe-retsebi/