jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Шоколадтағы құлпынай: Диана Есенбекова танымал тәттінің ең оңай рецебін ұсынды

Шоколадтағы құлпынай. Скриншот
Шоколадтағы құлпынай. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Шоколадтағы құлпынай - биылғы жылдың ең танымал тәттілерінің бірі болды. Ересектер мен балалар сүйіп жейтін тәттіні үй жағдайында оп-оңай дайындауға болады. Ендеше танымал тәттінің рецебімен таныс болыңыздар.

КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
close
Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
  • Шоколадтағы құлпынай - танымал тәтті, оны үйде оңай дайындауға болады.
  • Фудблогер Диана Есенбекова шоколадты құлпынайды дайындаудың қарапайым әдісін көрсетеді.
  • Рецепт бойынша, құлпынайды жуып, мұздатып, шоколадқа малып, кокос ұнтағымен немесе арахиспен безендіруге болады.

Шоколадты құлпынайды үй жағдайында оңай әрі тез жасаудың жолымен танымал фудблогер Диана Есенбекова таныстырады. Блогердің YouTube арнасынан осы сынды көптеген ерекше рецепттерді табуға болады.

Сипаттамасы

Асхана: Америка

Санаты: десерт

Дайындалу уақыты: 15 минут

Дайын болу уақыты: 10 минут

Құрамы

Құлпынай - 1 кг

Шоколад - қалауыңызша

Кокос ұнтағы - қалауыңызша

Арахис - қалауыңызша

Дайындалуы

1. Құлпынайды жуып аламыз

Құлпынайды жуып аламыз. Скриншот
Құлпынайды жуып аламыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Алдымен құлпынайға суық су құйып, арнайы ыдыста жақсылап жуып аламыз. Сосын құрғақ сүлгіге аударып, құрғақ майлықпен жеке-жеке сүртіп шығамыз.

2. Құлпынайды мұздатқышқа қоямыз

Құлпынайды тоңазытқышқа қоямыз. Скриншот
Құлпынайды тоңазытқышқа қоямыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Құлпынайды тақтайшаға тізіп, майлықпен құрғатып сүрткен соң, жидектерді мұздатқышқа 1-2 сағатқа қоямыз.

3. Құлпынайға шоколад жағамыз

Құлпынайға шоколад жағамыз. Скриншот
Құлпынайға шоколад жағамыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Ақ және қара шоколадты ерітіп, дайындап аламыз. Сосын құлпынайларды таяқшаларға тығып, шоколадқа аунатамыз. Жидектер мұздатқыштан шыққандықтан, шоколад бірден қататын болады. Құлпынайлар әдемі болсын десеңіз, бетіне кокос ұнтағын немесе арахисті ұсақтап сепсеңіз болады.

4. Құлпынайларды әсемдеп, дастарханға ұсынамыз

Құлпынайларды әсемдеп, дастарханға ұсынамыз. Скриншот
Құлпынайларды әсемдеп, дастарханға ұсынамыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Құлпынайларды әсемдеу үшін, ақ шоколадқа бояғышты қосып, шоколадтың түсін өзгертсеңіз болады. Дайын болған десертті дастарханға қойып, жақындарыңызға ұсынсаңыздар болады.

Шоколадтағы құлпынай: Диана Есенбекова танымал тәттінің ең оңай рецебін ұсынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.