Дәмді әрі нәрлі: Диана Есенбековадан ерекше таңғы ас рецебі
Жарияланған күні:
Мамандар таңғы астың құнарлы әрі нәрлі болғаны денсаулыққа ерекше пайдалы болатынын айтады. Осы орайда, назарларыңызға жасалу жолы өте оңай, дәмді әрі нәрлі таңғы ас рецебін ұсынамыз.
- Диана Есенбекова атты танымал фудблогер дәмді әрі нәрлі таңғы ас рецептін ұсынады.
- Бұл таңғы ас тунец балығы, ақжелкен, ірімшік сыры, лимон шырыны және зәйтүннен жасалады.
- Тағам дайындау үдерісі қарапайым: ингредиенттерді араластырып, қуырылған нанға салу керек.
Таңғы астың ерекше рецебімен танымал фудблогер Диана Есенбекова таныстырады. Блогердің YouTube арнасынан осы және өзге де тағамдардың рецебімен таныс бола аласыздар.
Сипаттамасы
Асхана: славян
Санаты: тіскебасар
Дайындалу уақыты: 5 минут
Дайын болу уақыты: 5 минут
Құрамы
Ақжелкен - қалауыңызша
Нан - 3-4 тілім
Тунец - қалауыңызша
Сұйық ірімшік - қалауыңызша
Лимон шырыны - қалауыңызша
Тұз, қара бұрыш - дәміне қарай
Зәйтүн - 7-8 дана
Дайындалуы
1. Ақ желкенді ұсақтап тураймыз
Алдымен ақ желкенді жақсылап турап аламыз. Ол үшін оны жуамыз, сосын ұсақтап турауға кірісеміз.
2. Ақжелкенді тунец балығымен араластырамыз
Консервіленген тунец балығын ыдысқа салып, шанышқымен езіп аламыз. Сосын үстінен ақжелкенді қосамыз.
3. Ірімшік сыры мен лимон шырынын, қабығын қосамыз
Тунец балығы мен ақжелкенге бірнеше ас қасық ірімшік сыры мен лимон шырынын қосамыз. Ол үшін лимонды екіге бөліп, қолымызды батырып, шырынын шығарамыз. Сол сияқты жарты лимонның қабығын үккіштен өткізіп, қоспаға қосамыз.
4. Дәміне қарай тұз, бұрыш қосамыз
Дәміне қарай тұз бен қара бұрышты қосамыз. Барлығын жақсылап араластырып аламыз.
5. Табада нанды қуырамыз
Қызып тұрған табаға аз ғана сұйық майды құйып, нан тілімдерін екі жақ беті қызарғанша қыздырып аламыз.
6. Зәйтүнді ұсақтап тураймыз
Қара, жасыл зәйтүнді ұсақтап турап аламыз. Сосын қуырылған нанға алдымен қоспаны, сосын бетіне зәйтүнді салсаңыз болады. Осылайша, дәмді әрі пайдалы таңғы ас дайын болып шығады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2172145-damdi-ari-narli-diana-esenbekovadan-erekshe-tanggy-as-retsebi/