Хэллоуинге арналған "Битлджус" стиліндегі сәнді макияжды қалай жасауға болады
Жарияланған күні:
"Битлджус" стиліндегі макияж әлеуметтік желіде кеңінен танылып жатыр. Бұл макияж түрі сәнді көрінгенімен сәл қорқыныштылау да. Бет әрлеушілер Бэйли Мэдисон мен Тони Роберио сәнді макияжды қалай жасауға болатынын көрсетті.
- "Битлджус" стиліндегі макияж әлеуметтік желілерде танымал болып, TikTok платформасында "Beetlejuice lip" тренді пайда болды.
- Бұл макияж стилі бозғылт тері, көз айналасындағы қара және күлгін далап, беттегі жасыл дақтар сияқты ерекшеліктерімен сипатталады.
- Бет әрлеушілер Бэйли Мэдисон мен Тони Роберио сәнді макияжды жасау үшін қажетті косметикалық өнімдер мен техникаларды ұсынды.
"Битлджус" фильмінен алынған макияж ерекшеліктері
Beetlejuice стиліндегі макияж – 1988 жылғы Тим Бертонның осы аттас фильмінің басты кейіпкерінің косплейіне айналған вирусты образ. "Битлджус" беймаза және біртүрлі елес беретін образды ашады. 2024 жылы Warner Bros кинокомпаниясы "Битлджус Битлджус" сиквелін шығарды.
Glamour сән басылымының жазуынша, фильм әлеуметтік желілерде "бум" туғызды. Битлджустен шабыт алған TikTok платформасының сұлулық қауымдастығы Beetlejuice lip деп аталатын макияж ойлап шығарды. @_hello_adri аккаунтымен танылған блогер қыркүйек айының басында TikTok желісіне Битлджустың жолақты костюміне ұқсайтын қара жолақты ерін макияжын жасауды көрсететін видео жариялады. Содан бері видео желіде тарап, 40,4 миллион қаралым мен 5 миллиондай лайк жинады.
Трендтің мәні – ерінге жасыл, көк, қызғылт сары реңктегі далап жағып, содан кейін қара түсті далап жағу. Жымиған кезде ерніңізде жарықтар көрінуі керек.
Бірақ макияжды жасағысы келетін қыздардың бәрі бірдей қанағаттанарлық нәтижеге қол жеткізе алмайды. TikTok-та машықтарын бөлісетін танымал бет әрлеуші және косметика брендінің иесі Джеффри Стар beetlejuice lip трендін қолданып көрді, бірақ қажет әсерге қол жеткізе алмады. Бейнежазбаға пікір қалдырушылар мұны оның жасанды ернінен деп болжады. Коллаген немесе импланттар пайдаланған қыздарда бұл макияж сәтті шықпайды.
"Битлджус" стиліндегі макияждың ерекшеліктері:
- бозғылт тері;
- көз айналасындағы қара және күлгін түсті далап;
- беттегі жасыл дақтар,
- терінің бұзылғанын имитациялайтын іздер.
Сән блогерлері мен инфлюэнсерлер макияжға жиі гламур қосады. Олар көзге әдемі сызықтар сызып, жасанды кірпік жабыстырады, жылтырауы себеді. Beetlejuice lips образының ерекше тұсы – қабаққа арналған ашық жасыл реңктегі бояу мен қара іздер.
Сәнді макияжды қалай жасауға болады
Хэллоуин немесе тақырыптық фотосессия мистикалық кейіпкерге айналуға және жаңа батыл образға енгуе жақсы себеп болады. Beetlejuice стиліндегі образды жасау үшін мынандай косметикалық өнімдер қажет:
- ашық түсті реңк беретін крем;
- қасқа арналған қарындаш;
- праймер;
- қара қарындаш;
- консилер, хайлайтер;
- жасыл, қара және күлгін түсті далаптар;
- жылтырауықтар;
- көлем беретін тушь, жасанды кірпік;
- қара немесе жасыл ерін далабы.
Бет әрлеуші Тони Роберио сәнді макияжды қалай жасау керектігін айтты:
- Бетті макияжға дайындау үшін ылғалдандырғыш крем мен праймер жағыңыз. Терінің табиғи түсінен әлдеқайда ашық түсті реңк крем жағыңыз. Реңк беретін кремді бүкіл бетке және ерінге тегістеп жағыңыз. Соңында бетті ағарту үшін жоғары пигментті ақ далап жағыңыз.
- Қасты біркелкі етіп тегістеп бояңыз. Қалауыңызға қарай қасқа жасыл түсті далап жағуға болады.
- Қабақты, көздің айналасына қою күлгін түсті көзге арналған далап жағыңыз. Жұмсақ үлпілдек қылқаламдықолданып, көздің ішкі және сыртқы бұрыштарына, қыртыстардың бойына және төменгі кірпіктердің астына күлгін қабақ бояуын жағыңыз. Жақсылап қарайтыңыз. Күңгірт сұр немесе қара қабақ бояуын алып, оны кірпіктің түбіне жағып, образға тереңдік пен көлем беріңіз. Жарқыраған әсер үшін жоғарғы қабақтарға жылтырауық себуге болады.
- Жоғарғы қабақтарға қара гель сүрме жағыңыз немесе қарындашпен бояңыз.
- Көздің ішкі жағына кішкене хайлайтер жағыңыз.
- Кірпіктеріңізге бірнеше қабат қара түсті тушь жағыңыз. Образды айқындай түсу үшін кірпігіңіздің шеттеріне жасанды кірпік жабыстырыңыз.
- Бет пен мойынға жасыл дақтар жасаңыз. Колорадолық бер әрлеуші Бейли Мэдисон маңдайға, мойынға, иекке және мұрынның ұшына реңк беретін кремді жағу үшін губканы қолдануды ұсынады, реңк беретін кремді дақ іспетіт жағу кереу, содан кейін дақтардың үстін жасыл бояумен немесе көзге арналған жасыл түсті далаппен бояу керек.
- Ерінге макияж жасаңыз. Beetlejuice стилінде ерін аздап жарылған әсер беруі керек. Күңгірт күлгін немесе жасыл түсті ерін далабын таңдап, ерінді қалың етіп бояңыз.
Аксессуарлар образды толықтыруға көмектеседі. Жасыл немесе бурыл парик киюге болады немесе шашыңызды уақытша осы түстерге бояу ұсынылады, лак сеуіп қойсаңыз да болады. Шашқа ойыншық өрмекші тағып қойсаңыз образыңыз ашыла түседі.
Битлджус стиліндегі макияж стильді және сәнді көрінеді. Бұл макияж түрі "Битлджус Битлджус" фильмі шыққан соң трендке айналды. Бұл макияжды көзге арналған қара және күлгін, жасыл түсті далаптарды пайдаланып, өзіңізіз де жасай аласыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2173506-hellouinge-arnalgan-bitldzhus-stilindegi-sandi-makiiazhdy-qalai-zhasauga-bolady/