Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуырылған ұйғыр лағманы: Ақнұр Тілекқызынан ең дәмді цомян рецебі

Жарияланған күні:

Қуырылған ұйғыр лағманы. Көрнекі сурет
Қуырылған ұйғыр лағманы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қуырылған ұйғыр лағманы - цомянды үй жағдайында өте оңай әрі тез дайындауға болады. Дәмді әрі нәрлі кешкі астың рецебімен бүгінгі материалда таныс болыңыздар.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Ақнұр Тілекқызы ұйғыр халқының ұлттық тағамы - цомян (қуырылған лағман) дайындау рецебімен бөліседі.
  • Цомян дайындау үшін ет, көкөністер және лағман қамыры қолданылады, оларды белгілі бір ретпен дайындап, қуыру керек.
  • Тағамды дайындау процесі бес негізгі кезеңнен тұрады: етті маринадтау, көкөністерді турау, етті қуыру, көкөністерді қосу және дайын лапшаны қосу.

Цомян - ұйғыр халқының ұлттық тағамдарының бірі. Халық арасында "цомян" деп аталатын қуырылған лағманның ерекше рецебімен танымал фудблогер Ақнұр Тілекқызы таныстырады.

Сипаттамасы

Асхана: ұйғыр

Санаты: басты тағам

Дайындалу уақыты: 15 минут

Дайын болу уақыты: 30 минут

Құрамы

Ет - 500 г

Соя тұздығы - 2 ас қасық

Сарымсақ - 1,2 тісше

Сұйық май - 1 ас қасық

Пияз - 1 дана

Тәтті болгар бұрышы - 2 дана

Селдерей - 2-3 дана

Пекин қырыққабаты - 2-3 жапырақ

Арнайы дәмдеуіш - дәміне қарай

Тұз, бұрыш - дәміне қарай

Лағманның қамыры - қалауыңызша

Күнжіт - қалауыңызша

Дайындалуы

1. Етті маринадтап аламыз

Етті маринадтаймыз. Көрнекі сурет
Етті маринадтаймыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алдымен етті жұқалап тураймыз. Сосын үстінен бір-екі тісше сарымсақты үккіштен өткізіп, саламыз. Екі ас қасық соя соусы мен сұйық майды құйып, барлығын жақсылап араластырамыз. Етті 15-20 минутқа қалдырамыз.

2. Көкөністерді тураймыз

Көкөністерді тураймыз. Көрнекі сурет
Көкөністерді тураймыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алдымен тәтті бұрышты ірілеу етіп тураймыз. Сосын сельдерейді тураймыз. Қытай қырыққабатының қатты жерін де ірілеу етіп турап, барлығын бір ыдысқа саламыз.

3. Етті қуырамыз

Етті қуырамыз. Көрнекі сурет
Етті қуырамыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Табаға молдау қылып сұйық майды құйып, қыздырып аламыз. Майға етті салып, жақсылап араластырамыз. Табаның қақпағын жауып, еттің суы тартылғанша 20-25 минуттай пісіреміз.

4. Пияз бен көкөністерді саламыз

Көкөністерді саламыз. Көрнекі сурет
Көкөністерді саламыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ет қуырылып жатқан табаға көкөністерді саламыз. Цомянға арналған арнайы дәмдеуіштерді қосып, барлығын жақсылап араластырамыз. Дәміне қарай тұз, бұрыш саламыз. Көкөністерді 5-10 минуттай қуырамыз.

5. Дайын лапшаны саламыз

Дайын лапшаны саламыз. Көрнекі сурет
Дайын лапшаны саламыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Дайын лапшаны бірнеше бөлікке бөліп турап, бұқтырылған ет пен көкөністерге саламыз. Тағы да 5-10 минуттай қайнатып, барлығын жақсылап араластырамыз. Осылайша, цомян лағманы дайын болады. Дастарханға ұсынарда, лағманның бетіне күнжіт сепсеңіздер болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2175231-quyrylgan-uigyr-lagmany-aqnur-tilekqyzynan-eng-damdi-tsomian-retsebi/