jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қара өрік тосабы: Риза Нұрланқызынан ерекше джемнің рецебі

    Қара өрік тосабы. Көрнекі сурет
    Қара өрік тосабы. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Күз маусымы - тосап пен компот жабу кезеңі. Ендеше назарларыңызға үй жағдайында оңай әрі тез дайындалатын қара өрік тосабының рецебін ұсынамыз.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    close
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Риза Нұрланқызы ұсынған қара өрік тосабының рецепті үй жағдайында оңай әрі тез дайындалатын десерт ретінде ұсынылады.
    • Тосап дайындау үшін қара өрік, қант және су қолданылады, өрікті езіп, қантпен қайнату арқылы жасалады.
    • Рецепт бойынша тосапты дайындау, банкаларға құю және сақтау процесі егжей-тегжейлі түсіндіріледі.

    Қара өрік тосабы - жақындарыңыз сүйіп жейтін джемнің біріне айналуы мүмкін. Ол үшін танымал фудблогер Риза Нұрланқызы ұсынған ерекше рецептпен таныс болыңыздар. Блогер өзінің YouTube арнасында осы сияқты өзге де түрлі тағамдардың жасалу жолымен таныстырады.

    Сипаттамасы

    Асхана: Еуропа

    Санаты: десерт

    Дайындалу уақыты: 30 минут

    Дайын болу уақыты: 5 минут

    Құрамы

    Қара өрік - 5 кг

    Қант - 1-1,5 кг

    Су - қалауыңызша

    Дайындалуы

    1. Қара өрікті жуып, сүйегінен тазартамыз

    Қара өрікті жуып, сүйегінен тазартамыз. Скриншот
    Қара өрікті жуып, сүйегінен тазартамыз. Скриншот: YouTube/ Riza Nurlankyzy

    Қара өрікті жуып, екіге бөліп, ортасында сүйекті алып тастаймыз. Қалған екі бөлікті тағы да турап, миксерге саламыз.

    2. Өрікті баяу отқа қоямыз

    Өрікті баяу отқа қоямыз. Скриншот
    Өрікті баяу отқа қоямыз. Скриншот: YouTube/ Riza Nurlankyzy

    Өрікті кастрюльге салып, баяу отқа қоямыз. Қайнаған соң, араластырып, шырынын шыққанан күтеміз. Осылайша, 30-35 минут қайнатамыз. Егер қара өріктен тосап жасасаңыз, онда жеміс езіліп кетпес үшін, оны жиі араластырмаған абзал. Ал, егер джем дайындайтын болсаңыз, онда кастрюльдің бетін ашып, судың азайғаны дұрыс. Шырыны шыққан соң, өрікті тағы  10-15 минут қайнатамыз.

    3. Қара өрікті блендермен еземіз

    Қара өрікті блендермен еземіз. Скриншот
    Қара өрікті блендермен еземіз. Скриншот: YouTube/ Riza Nurlankyzy

    Блендерді кастрюльге салып, қара өрікті толықтай езіп, пюре тәрізді консистенцияға дейін жеткіземіз. Тосаптың арасында қара өріктің қабығы болмағанын қаласаңыз, тосапты електен өткізіп аламыз.

    4. Қант қосамыз

    Қант қосамыз. Скриншот
    Қант қосамыз. Скриншот: YouTube/ Riza Nurlankyzy

    Електен өткізілген өрікті қайтадан кастрюльге құйып, отқа қоямыз. Үстінен қант қосып, араластырамыз. Тосапқа қантты дәміне, қалауыңызға қарай қоссаңыз болады. Джемнің беті бүлк етіп қайнағаннан кейін, 30-35 минуттай қайнатамыз. Тосап бетіндегі көбікті алуға ұмытпаймыз. Тосапты тоңазытқышқа қоямыз. Егер джем әлі де сұйық болса, отқа тағы да қойып, 5-7 минут қайнатып аламыз.

    5. Тосапқа қажет банкаларды дайындаймыз

    Тосапқа қажет банкалар. Скриншот
    Тосапқа қажет банкалар. Скриншот: YouTube/ Riza Nurlankyzy

    Тосап қайнап жатқан кезде, банкаларды жуып, тордың үстіне қойып, суын сорғытамыз. Сосын салқын күйінде духовкаға салып, 200 градусқа 15 минутқа қоямыз. Банканың қақпақтарын қайнаған суға салып, дайындап аламыз.

    6. Тосапты банкаларға құямыз

    Тосапты банкаларға құямыз. Скриншот
    Тосапты банкаларға құямыз. Скриншот: YouTube/ Riza Nurlankyzy

    Қайнаған тосапты жылы банкаларға құйып, бетін қақпақпен мықтап жабамыз. Банкаларды төңкеріп, суығанша, ертеңге дейін қойып қоямыз. Тосапты салқын, қараңғы жерде шығарып, сақтаймыз.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.