Брокколи мен түрлі-түсті орамжапырақ салаты: Диана Есенбековадан ерекше рецепт
Жарияланған күні:
Күздің соңғы айлары ағзадағы дәрумендерді азайтып алмау үшін, көкөністер мен маусымдық жемістерді жеп, денсаулықты күткен жөн. Осыған орай, назарларыңызға ағзаға пайдасы зор және жасалу жолы оңай, ерекше салаттың рецебін ұсынамыз.
- Фудблогер Диана Есенбекова брокколи мен түрлі-түсті орамжапырақтан салат жасау рецептін ұсынады.
- Салатқа брокколи, түрлі-түсті орамжапырақ, қияр және қызанақ қолданылады.
- Орамжапырақтар алдымен қайнатылып, содан кейін туралған қияр мен қызанақпен араластырылады.
Орамжапырақтардың дәмді салатымен танымал фудблогер Диана Есенбекова таныстырады. Блогердің YouTube арнасында осы және өзге де дәмді тағамдардың рецебімен таныс бола аласыздар.
Сипаттамасы
Асхана: Еуропа
Санаты: тіскебасар
Дайындалу уақыты: 15 минут
Дайын болу уақыты: 5 минут
Құрамы
Брокколи - 1 орам
Түрлі-түсті орамжапырақ - 1 орам
Қияр - 1-2 дана
Қызанақ - 3-4 дана
Кинза - 1 бума
Сәбіз - 2 дана
Салатқа арналған дәмдеуіш - дәміне қарай
Тұз, қара бұрыш - дәміне қарай
Сарымсақ - 1-2 тісше
1. Орамжапырақтарды қайнатамыз
Алдымен брокколи мен түрлі-түсті орамжапырақты ұсақтап бөліп, 3-4 суық суда жуып аламыз. Сосын шұңғыл ыдысқа су құйып, орамжапырақтарды саламыз. Баяу отта 7-8 минут қайнатып аламыз. Сосын суын төгіп, орамжапырақтардың суын сарғытып аламыз. Дайын болған орамжапырақтарды шұңғыл ыдысқа саламыз.
2. Қияр мен қызанақты тураймыз
Қиярды жуып, ортасынан екіге бөлеміз. Екі бөлікті тағы бөліп, кесектеу етіп тураймыз. Туралған қиярды брокколи мен түрлі-түсті орамжапыраққа қосамыз. Қызанақты да дәл қияр сияқты ірілеу етіп турап, орамжапырақтарға қосамыз.
3. Кинзаны қосамыз
Кинзаны жуып, ұсақтап етіп турап, салатқа қосамыз.
4. Сәбізді үккіштен өткіземіз
Екі сәбізді жуып, қабығын аршимыз. Сосын ұзынша етіп тілетін үккіштен өткізіп, салатқа қосамыз.
5. Дәмдеуіштерді қосамыз
Салатқа арналған дәмдеуіштерді, тұз бен қара бұрышты дәміне қарай қосып, барлығын жақсылап араластырамыз.
6. Cарымсақты қуырып қосамыз
Сарымсақты үккіштен өткізіп, қызып тұрған майға саламыз. Жақсылап қуырып алып, салатқа қосамыз. Барлығын тағы да араластырамыз. Осылайша, дәмді әрі ағзаға пайдалы салат дайын болып шығады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2182347-brokkoli-men-turli-tusti-oramzhapyraq-salaty-diana-esenbekovadan-erekshe-retsept/