Кілегейлі кремі бар құймақ торты: Диана Есенбековадан ерекше десерт
Жарияланған күні:
Қарапайым құймаққа кілегейлі крем құйып, дәмі тіл үйіретін дәмді десерт жасауға болады. Бүгінгі рецептте кілегейлі құймақ тортының жасалу жолымен таныстыратын боламыз.
- Диана Есенбекова кілегей қосылған құймақ торты рецептін ұсынады, оны үй жағдайында оңай дайындауға болады.
- Торт кілегейлі крем мен құймақ қабаттарынан тұрады, оны дайындау үшін сүт, жұмыртқа, ұн, қант және басқа ингредиенттер қолданылады.
- Дайын торт тоңазытқышта қатырылып, жеміс-жидектермен безендіріледі.
Кілегейлі крем қосылған құймақ тортын үй жағдайында оңай жасауға болады. Танымал фудблогер Диана Есенбекованың YouTube арнасынан осы және өзге де тағамдардың рецебімен таныса аласыздар.
Сипаттамасы
Асхана: славян
Санаты: десерт
Дайындалу уақыты: 15 минут
Дайын болу уақыты: 10 минут
Құрамы
Сүт - 500 мл
Жұмыртқа - 3 дана
Ұн - 200 г
Қант - 50 г
Cұйық май - 4 ас қасық
Ас содасы - шым-шым
Тағамға қосылатын бояу - қалауыңызша
Кілегейлі сыр - 450 г
Кілегей - 100 мл
Қоюландырылған сүт - 200 мл
Ванильді қант - 10 г
Қант ұнтағы - дәміне қарай
Дайындалуы
1. Торттың кремін дайындаймыз
Алдымен торттың кремін дайындадым. Ол үшін шұңғыл ыдысқа 33 пайыздық кремді құйып, миксермен араластырамыз. Үстінен қант ұнтағы, ванильді қантты сеуіп араластырамыз. Сосын қоюландырылған сүтті қосамыз. Барлығын жақсылап араластырамыз. Соңында кілегейлі сырды қосып, тағы да миксерлейміз. Крем дайын болған соң, тоңазытқышқа қоямыз.
2. Қант пен жұмыртқаны араластырамыз
Ыдысқа үш жұмыртқаны жарамыз. Үстінен қант себеміз. Екеуін венчикпен жақсылап араластырып аламыз.
3. Сүт пен ұн қосамыз
Жұмыртқаға бөлме температурасындағы сүтті қосамыз. Барлығын жақсылап араластырамыз. Сосын ұнды електен өткізіп, қосамыз. Бәліш пісіруге арналған ас содасын қосамыз. Сосын қызыл бояу қосып, барлығын жақсылап араластырамыз.
4. Cұйық май қосамыз
Қызартылған құймақтың қамырына соңында сұйық майды қосып, барлық құрамды жақсылап араластырамыз.
5. Құймақты пісіреміз
Қызып тұрған табаға құймақтың қамырын құйып, пісіріп аламыз. Дайын болған құймақтарды формаға жайып аламыз.
6. Тортты жинаймыз
Торт құймақтарын формаға жайып, саламыз. Бетіне дайын болған кремді жағамыз. Бетіне қайтадан құймақ қоямыз. Тағы крем жағамыз. Осы процесті құймақ біткенше жалғастырамыз. Жиналған торттың бетіне тәрелкені бастырамыз. Тортты тоңазытқышқа қоямыз.
7. Тортты жеміс-жидектермен безендіреміз
Крем қатқан соң, тортты тоңазытқыштан алып шығамыз. Бетіне үйде бар, кез келген жеміс-жидектерді қойып, дастарханға ұсынамыз.
Ет бәліші - күн суытып, даладан тоңған сәтте жақындарыңыздың сүйіп жейтін тағамдарының бірі. Бәліштің дәмді әрі ерекше рецебімен бүгінгі материалда бөлісетін боламыз.
Құймақты қыз-келіншектер әдетте сүтпен даярлап жатады. Ал дәмі тіл үйіретін десертті сумен қалай даярлауға болады? Бүгінгі рецепттен білетін боласыздар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2188379-kilegeili-kremi-bar-quimaq-torty-diana-esenbekovadan-erekshe-desert/