Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәмі тіл үйіретін асқабақ десерті: Анаргүл Құдайбергеновадан ерекше рецепт

Жарияланған күні:

Асқабақтан дәмді десерт. Көрнекі сурет
Асқабақтан дәмді десерт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қараша айында асқабақтың пісетін кезеңі. Үй жағдайында одан дәмі тіл үйіретін оңай әрі дәмді десерт даярлауға болады. Бүгінгі жақындарыңыздың көңілінен шығатын асқабақ тәттісімен бөлісемін боламыз.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Қазақстандық аспаз Анаргүл Құдайбергенова асқабақтан жасалған дәмді десерт рецептін ұсынды.
  • Десертті дайындау үшін асқабақ, қант, су, лимон шырыны және желатин қажет.
  • Бұл тәтті тағам оңай дайындалады және дәмді әрі пайдалы болып табылады.

Асқабақтан даярланатын дәмді десерттің рецебімен белгілі фудблогер Анаргүл Құдайбергенова бөліседі. Блогердің YouTube арнасынан осы іспеттес көптеген тағамның рецебімен танысуға болады.

Сипаттамасы

Асхана: Америка

Санаты: десерт

Дайындалу уақыты: 10 минут

Дайын болу уақыты: 20 минут

Құрамы

Асқабақ - 1 дана

Тұз - шым-шым

Сары май - 50 г

Қант - 50 г

Дайындалуы

1. Асқабақты тураймыз

Асқабақты турап, противеньге саламыз. Скриншот
Асқабақты турап, противеньге саламыз. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

Алдымен асқабақтың қабығын аршимыз. Сосын ішіндегі жұмсағын ірілеу етіп турап, противеньге қағаз төсеп, рет-ретімен тізіп қоямыз.

2. Бетіне май қоямыз

Асқабақтың бетіне май саламыз. Скриншот
Асқабақтың бетіне май саламыз. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

Туралған асқабақтың бетіне алдымен аздап тұз себеміз. Сосын қатырылған сары майды жіңішке етіп турап, асқабақ тілімдерінің бетіне қойып шығамыз.

3. Қант себеміз

Асқабақтың бетіне қант себеміз. Скриншот
Асқабақтың бетіне қант себеміз. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

Асқабақ тілімдерінің бетіне көз мөлшермен, қалауыңызша қант себеміз.

4. Десертті пісіреміз

Асқабақты пісіреміз. Скриншот
Асқабақты пісіреміз. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

Алдын ала қызып тұрған пешке 20-25 минутқа қойып, десертті пісіріп аламыз. Осылайша жасалу жолы оңай әрі жеңіл десерт дайын болып шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2188397-dami-til-uiiretin-asqabaq-deserti-anargul-qudaibergenovadan-erekshe-retsept/