Тойымды таңғы ас: Анаргүл Құдайбергеновадан лаваш пен жұмыртқадан пісірілетін таңғы ас рецебі
Жарияланған күні:
Таңғы астың тойымды әрі құнарлы болуы адам ағзасы үшін өте пайдалы болады. Бүгінгі материалда лаваш пен жұмыртқадан дайындалатын, оңай әрі құнарлы таңғы астың рецебімен бөлісетін боламыз.
- Бұл мақалада лаваш пен жұмыртқадан дайындалатын жылдам әрі дәмді таңғы ас рецепті ұсынылады.
- Рецепт бойынша лавашты жайып, оған жұмыртқа, ірімшік және көкөністер салынып, орама жасалады.
- Бұл тағам оңай дайындалатын, тойымды әрі пайдалы таңғы ас ретінде ұсынылады.
Жұмыртқа мен лаваштан жасалатын ерекше таңғы астың рецебімен фудблогер Анаргүл Құдайбергенова таныстырады. Блогердің YouTube арнасына осы және өзге де тағамдардың рецепттерімен таныс бола аласыздар.
Сипаттамасы
Асхана: Еуропа елдері
Санаты: басты тағам
Дайындалуы уақыты: 5 минут
Дайын болу уақыты: 5 минут
Құрамы
Жұмыртқа - 2 дана
Тұз, қара бұрыш - дәміне қарай
Сүт - 30 мг
Ірімшік - 3-4 тілім
Шұжық - 3-4 тілім
Қызанақ - 1 дана
Дайындалуы
1. Жұмыртқа мен сүтті араластырамыз
Екі жұмыртқаны шұңғыл ыдысқа жарамыз. Дәміне қарай тұз бен қара бұрыш қосамыз. Сосын аздап сүт қосып, барлығын жақсылап араластырамыз.
2. Жұмыртқаны пісіріп, лавашты жаямыз
Сүтпен араласқан жұмыртқаны баяу отта қызып тұрған табаға құйып, орташа отта пісіріп аламыз. Піскен соң бетіне лавашты саламыз. Сосын келесі бетіне аударамыз.
3. Лаваштың арасына ірімшік пен шұжық, қызанақ саламыз
Лаваштың ішіне қалауыңызша ірімшік, шұжық тілімдерін кезектестіріп саламыз. Сосын қызанақты жұқа етіп турап, саламыз.
4. Лавашты қызартып пісіреміз
Лаваштың арасына барлық құрамды салып болған соң, екі жақ бетін қызарғанша пісіріп аламыз. Сонда лаваш қытырлақ болып шығады. Осылайша тойымды әрі құнарлы таңғы ас дайын болып шығады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2188400-toiymdy-tanggy-as-anargul-qudaibergenovadan-lavash-pen-zhumyrtqadan-pisiriletin-tanggy-as-retsebi/