Нағыз табиғи коллаген: Ақнұр Тілекқызынан холодец жасау рецебі
Жарияланған күні:
Қыс түскелі соғым кезеңі басталып, отбасымызбен ет тағамдарынан жасалатын тағамдарды көптеп тұтынатынымыз анық. Осы орайда, дәрумендер мен коллагенге бай холодецті үй жағдайында қалай даярлауға болады? Бүгінгі рецепттен білетін боламыз.
- Ақнұр Тілекқызы үй жағдайында холодец дайындау рецептін ұсынады, оның құрамында сиыр сирақтары, ет, көкөністер және бөдене жұмыртқасы бар.
- Холодец дайындау процесі бірнеше сағатқа созылады: сирақтар мен етті қайнату, көкөністер қосу, ет пен көкөністерді турау және ыдыстарға құю.
- Дайын холодец тоңазытқышта 3 сағат бойы суытылып, нәтижесінде дәмді әрі пайдалы тағам алынады.
Үй жағдайында табиғи коллаген саналатын холодецтің дайындалу рецебімен танымал фудблогер Ақнұр Тілекқызы таныстырады. Блогердің YouTube арнасынан өзге де тағамдардың жасалу жолымен танысуға болады.
Сипаттамасы
Асхана: орыс
Санаты: тіскебасар
Дайындалу уақыты: 10 минут
Дайын болу уақыты: 4 сағат
Құрамы
Сиыр сирақтары - қалауыңызға қарай
Ет - қалауыңызға қарай
Сәбіз - 1 дана
Пияз - 1 дана
Тұз, қара бұрыш - дәміне қарай
Жасыл бұршақ
Бөдене жұмыртқасы
Аскөк, сармысақ - дәміне қарай
Дайындалуы
1. Сиыр аяқтарын қайнатып аламыз
Алдымен сиыр сирақтарын әбден жуып, дайындап аламыз. Сосын сирақтарды аздаған етпен бірге қазанға салып, су құямыз. Қазанды отқа қойып, қайнатамыз. Сорпаның көбігі шыққан кезде, оны алып, суды төгіп тастаймыз. Сосын қазанға қайта су құйып, сирақтарды 4 сағат бойы баяу отта қайнатамыз.
2. Сәбіз бен пияз қосамыз
Төрт сағат қайнаған сорпаға қалауыңызша сәбіз пен пиязды саламыз. Сосын дәміне қарай тұз, қара бұрыш қосамыз. Тағы да баяу отқа, бір сағатқа қалдырамыз.
3. Ет пен көкөністерді тураймыз
Сорпадан ет пен сирақтарды сүзіп аламыз. Жұмсақ етті ұсақтап тураймыз. Сосын сарымсақты ұсақтап турап, барлығын қайнаған сорпаға саламыз. Осылайша, тағы да баяу отта 45 минуттай қайнатамыз.
4. Піскен сәбіз бен бөдене жұмыртқасын тураймыз
Холодец әдемі болып шығуы үшін, түрлі пішіндегі екі ыдысты аламыз. Түбіне екі ас қасық жасыл бұршақты саламыз. Сосын піскен сәбізді әдемілеп тураймыз. Түбіне піскен бөдене жұмыртқасы пен аскөкті турап, саламыз. Піскен сорпа мен етті екі ыдысқа құямыз.
5. Холодецті тоңазытқышта суытамыз
Холодецті ыдыстарға құйып болған соң, 3 сағатқа тоңазытқышқа салып, әбден суытамыз. Осылайша, дәмі тіл үйіретін әрі денсаулыққа пайдасы мол холодец дайын болып шығады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2197692-nagyz-tabigi-kollagen-aqnur-tilekqyzynan-holodets-zhasau-retsebi/