Жаңа жылға оливье: әйгілі мерекелік салаттың ең дәмді рецебі
Жарияланған күні:
![Әйгілі оливье салаты. Скриншот Әйгілі оливье салаты. Скриншот](https://cdn.nur.kz/images/1200x675/2330eb1575dc244a.jpeg)
Оливье — жаңа жылдық мерекелік дастарханның ең басты салаты. Көпшілік әйгілі салатты әзірлеудің классикалық үлгісін білсе де, оны бұрынғыдан да дәмді етіп әзірлеудің жолын біле бермейді. Назарларыңызға танымал салатты даярлаудың ең оңай әрі дәмді жолын ұсынамыз.
- Оливье салатының дайындау әдісі ұсынылады, оның негізгі ингредиенттері - тауық еті, картоп, сәбіз, жұмыртқа, қияр және консервіленген бұршақ.
- Салатты дайындау үшін алдымен көкөністерді пісіріп, суытып алу керек, содан кейін барлық ингредиенттерді ұсақтап турау қажет.
- Бұл рецепт оливье салатын классикалық нұсқадан да дәмдірек етіп дайындауға мүмкіндік береді.
Сипаттамасы
Асхана: орыс
Санаты: тіскебасар
Дайындалу уақыты: 10 минут
Дайын болу уақыты: 30 минут
Құрамы
Жұмыртқа - 3 дана
Қияр - 1 дана
Сәбіз - 1 дана
Майонез - 4 ас қасық
Пияз - 1 дана
Тауықтың төс еті - 1 дана
Картоп - 4 дана
Тұз, қара бұрыш - дәміне қарай
Тұздалған қияр - 5 дана
Консервідегі ас бұршақ - 400 г
Дайындалуы
1. Көкөністер мен жұмыртқаны пісіреміз
![Көкөністер мен жұмыртқаны пісіреміз. Скриншот Көкөністер мен жұмыртқаны пісіреміз. Скриншот](https://cdn.nur.kz/images/1120/1b01f5f2468a4d83.jpeg)
Шұңғыл ыдысқа су құйып, картоп пен сәбізді салып, аздап тұз сеуіп, көкөністерді пісіріп аламыз. Сосын тауықтың төс еті мен жұмыртқаны пісіреміз. Барлығын суытып аламыз.
2. Барлығын ұсақтап тураймыз
![Көкөністерді тураймыз. Скриншот Көкөністерді тураймыз. Скриншот](https://cdn.nur.kz/images/1120/66f77e8a9bd18b61.jpeg)
Салаттың барлық құрамын бірдей етіп турау қажет. Алдымен көкөністердің қабығын аршып, кішкентай шаршы түрінде тураймыз. Сосын жұмыртқаның қабығын аршып, турап, көкөністерге қосамыз. Пияз бен қиярдың қабығын аршып, ұсақтап тураймыз. Дәл осындай мөлшерде тұздалған қияр мен тауықтың төс етін тураймыз. Барлығын көкөністерге қосамыз.
3. Ас бұршақты қосып, майонезбен араластырамыз
![Ас бұршақ қосып, араластырамыз. Скриншот Ас бұршақ қосып, араластырамыз. Скриншот](https://cdn.nur.kz/images/1120/72af8a9bb7957cc5.jpeg)
Конверсіленген ас бұршақты ашып, суын төгіп тастаймыз. Бұршақты салатқа қосып, дәміне қарай тұз, қара бұрыш қосамыз. Сосын майонез қосып, барлығын жақсылап араластырамыз. Сонымен дәмі ерекше болып шығатын, классикалық үлгіге қарағанда құрамында айырмашылығы бар әйгілі оливье салаты дайын болып шығады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2197721-zhanga-zhylga-olive-aigili-merekelik-salattyng-eng-damdi-retsebi/