jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

Тәтті "шырша": жаңа жылдық дастарханға ерекше десерт рецебі

Мерекелік шырша десерті. Скриншот
Мерекелік шырша десерті. Скриншот: Instagram/ eda_vinokino

Қатпарлы қамырдан жасалатын шырша пішіндегі тәттілер - жаңа жылдық кешке арналған ерекше десерттің бірі. Ол өте оңай әрі жылдам дайындалады. Үй жағдайында мерекелік десертті даярлап көріңіз.

КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
close
Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
  • Шырша пішіндегі тәтті дайындау рецепті ұсынылады, ол қатпарлы қамырдан жасалады және жаңа жылдық дастарханға арналған.
  • Десерт дайындау үшін қажетті ингредиенттер: қатпарлы қамыр, жұмыртқа, қоюландырылған сүт және сүзбелі ірімшік.
  • Дайындау үдерісі үш кезеңнен тұрады: қамырдан шырша пішіндерін жасау, оларды пісіру және кремді дайындап, пішіндерге жағу.

Сипаттамасы

Асхана: Еуропа

Санаты: десерт

Дайындалу уақыты: 5 минут

Дайын болу уақыты: 20 минут

Құрамы

Жұмыртқа - 1 дана

Қатпарлы қамыр - 1 дана

Қоюландырылған сүт - 2 ас қасық

Сүзбелі ірімшік - 2 ас қасық

Дайындалуы

1. Қамырдан шырша пішіндерін жасаймыз

Қамырдан шырша пішіндерін жасаймыз. Скриншот
Қамырдан шырша пішіндерін жасаймыз. Скриншот: Instagram/ eda_vinokino

Қатпарлы қамырдың бір бөлігін қалыңдығы 7 мм етіп жаямыз. Десертке қажет пішін үшін, жұлдыз тәрізді пішіннің үш түрлі көлемін алып, 4 ірі, 8 орташа және 8 кішкентай жұлдыз пішін жасаймыз.

2. Қамырды пісіреміз

Қамырды пісіреміз. Скриншот
Қамырды пісіреміз. Скриншот: Instagram/ eda_vinokino

Пешті алдын-ала 200 °C-қа дейін қыздырамыз. Противеньге для пергамент қағазын төсеп, десерттерді рет-ретімен орналастырамыз. Әр бөлікті пышақпен тесіп шығамыз. Бетіне жұмыртқа жағамыз. Осылайша, пешке 10-15 минутке салып, пісіріп аламыз.

3. Крем дайындаймыз

Пиалаға сүзбелі ірімшікті саламыз. Скриншот
Пиалаға сүзбелі ірімшікті саламыз. Скриншот: Instagram/ eda_vinokino

Пиалаға сүзбелі ірімшікті саламыз. Сосын қоюлатылған сүтті қосамыз. Екеуін жақсылап араластырамыз. Піскен қамырдың бетіне дайын болған кремді жағып шығамыз.

4. Десертті жинаймыз

Десертті жинаймыз. Скриншот
Десертті жинаймыз. Скриншот: Instagram/ eda_vinokino

Десертті жинау үшін, тіс шұқитын таяқшаларды пайдаланамыз. Алдымен тәрелкеге жұлдызшалардың ең үлкенін салып, таяқшаны ортасына қоямын. Сосын орташа қамырды, соңында кішкентайын саламын. Осылайша, десерт дайын болып шығады. Оны әсемдеу үшін, түрлі-түсті ұнтақты пайдаланса болады.

Тәтті "шырша": жаңа жылдық дастарханға ерекше десерт рецебі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.