Жылу батареясының іші-сыртын қалай тазалауға болады
Жарияланған күні:
Читать на русском![Ер адам радиаторды тексеріп тұр Ер адам радиаторды тексеріп тұр](https://cdn.nur.kz/images/1200x675/b65218f3454ade99.jpeg)
Жылу батереяларының кірін тазалау оңайға соқпайды. Әсіресе радиаторлардың ішін тазалау қиын. Үй тазалау мамандары Лиза Джойнер мен Нашая Бейкер тазалаудың тиімді әдістерін бөліседі.
- Мақалада жылу батареяларының ішкі және сыртқы бөліктерін тазалаудың әртүрлі әдістері сипатталған, оның ішінде губка мен қайшы, шаш кептіргіш, бутазартқыш және тіс щеткасы қолдану тәсілдері айтылған.
- Үй тазалау маманы Лиза Джойнер радиаторды тазалау алдында жылуды өшіруге кеңес береді, ал сарапшы Нашая Бейкер шойын батареяның қуыс-қуысын тазалау үшін тіс щеткасын пайдалануды ұсынады.
- Мақалада батареяларды тазалаудың маңыздылығы атап өтіледі – шаң басқан батареялар жылыту тиімділігін 20 пайызға дейін төмендетеді, ауаны ластайды және бөлменің эстетикасын бұзады.
Қайшы мен губка
Шаң мен кір жиналмауы үшін радиаторларды апта сайын сүртіп тұру керек. Шаң басқан батареялар жылыту тиімділігін 20 пайызға дейін төмендетеді, ауаны ластайды және бөлменің эстетикасын бұзады.
Үй тазалау бойынша сарапшы Лиза Джойнер радиаторды тазаламас бұрын жылуды өшіруге кеңес береді. Салқындатылған радиатор жууға қауіпсіз және тазалау кезінде шаң бөлшектерін тартпайды.
Биметалл батареяның қуыс-қуысын тазалау үшін губка мен қайшыны пайдаланыңыз. Губканың абразивті бөлігін алып тастаңыз. Қайшының жүзіне изолента ораңыз. Сабынды суға малынған губканы қайшыға қысып алыңыз, оны радиатордың қуыс-қуысына кіргізіп, жақсылап сұртіңіз. Бұл қарапайым құрылғыны шойын батареялардың іші-сыртын тазалауға пайдалануға болады.
@dom_v_les Подпишись! #полезныесоветы #своимируками #сделайсам #идея #лайфхак #длядома ♬ Refreshing POP by Acoustic Guitar and Marimba - TOKU SPACE MUSIC
Шаш кептіргіш
Металл және алюминий батареялар көбінде жабық келеді, бірақ мұндай батареяның ішінде шағын саңылаулары бар көптеген секция бар, көбіне соны шаң басып қалады да, бұл оның тиімділігін төмендетеді. Үстіңгі торды немесе бүйірлік панельдерді ашпай-ақ радиатордың шаңын сорып алыңыз.
Батареяның ішін мұқият тазалау үшін шаш кептіргішті пайдаланыңыз. Бірнеше шүберек сулық алыңыз немесе сүлгіні сулап алыңыз. Саңылауларды толығымен жабу үшін оны радиатордың үстіне қойыңыз. Шаш кептіргішті барынша қосыңыз және радиатор бойымен баяу қозғалатын ыстық ауамен шаң мен өрмектерді төменнен үрлеңіз.
Ыстық ауа шаң мен қоқысты жоғары үрлейді, ол дымқыл шүберекке жабысады. Сонан соң батареяның үстіндегі шүберекті алып, жақсылап шайып, батареяның барлық қол жетімді бөліктерін дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
@dimon_lifehack А Вы знали, как можно почистить батарею от пыли с помощью полотенца?? Сохраняй ЛАЙФХАК!✅ #лайфхаки #полезныесоветы #лайфхакидлядома #чистимбатарею ♬ Yes Auto - SeVen.13
Бутазартқыш
Радиаторда шаң, үй жануарларының жүні және басқа ұсақ қоқыс жиналып қалады. Бұл бөлшектер қыздырылған кезде ауаға түседі. Радиаторларды дымқыл тазалау аллергендер санын азайтады.
Батареяның ішкі жағын қалай жууға болады? Батареяның ішіндегі шаң-тозаңды бутазартқышпен кетіруге болады. Қоқыс түсіп, еден су болып қалмауы үшін батареяның астына шүберек төсеп қойыңыз. Бутазартқыштың баяу режимін қосыңыз. Батареяның қуыс-қуысындағы шаң-тозаңды жуу үшін буды батареяның секцияларына қарай бағыттаңыз.
Бұл әдісті қорғаныс экраны бар заманауи биметалл, металл және алюминий радиаторларға және әдеттегі шойын батареяларға да қолдануға болады. Бу батареялардың ішін мұқият тазалап, тар саңылаулардағы өрмекшілер мен басқа да жәндіктерді өлтіреді. Тазалап болғаннан кейін батареяны сулы шүберекпен сүртіп қойыңыз.
@skycleaning_msk Самостоятельно промыть батареи практически невозможно, но нас всегда выручает порагенергатор ?? Он отлично выбивает грязь из труднодоступных мест. Пользуйтесь!☺️
♬ April (No Vocals) - The Young Ebenezers
Тіс щеткасы
Ескі үлгідегі шойын батареясы шығыңқы қабырғалары бар бөліктерден тұрады. Әрбір бөліктің ішінде шаң-тозаң жиналатын көптеген бос орын бар. Секциялардың арасын қолмен тазалау мүмкін емес.
Шойын батареяны қалай жууға болады? Үй шаруашылығы сарапшысы Нашая Бейкер батареяның бос жерлерін тазалау үшін тіс щеткасын пайдалануды ұсынады. Батареяның саңылауларын тазалау үшін екі ескі тіс щеткасын алып, щетка жағын сыртқа қаратып, бір-біріне резеңкемен байлап қойыңыз. Батареяға сабын мен кір жууға арналған кондиционерді қосып дайындалған ерінтіндіні себіңіз. Әр секцияның ішін тіс щеткаларымен сүртіңіз. Еденге шүберек төсеп қойыңыз.
Сабынды сумен шайғаннан кейін, таза щеткалармен радиатордың ішкі жағын қайта тазалап шыңыз. Мұндай жұмыс көп уақытты қажет етеді, бірақ тамаша нәтиже береді. Ішін тазалағаннан кейін батареяның алдыңғы жағын сол ерітіндімен шайып, шүберекпен құрғатып сүртіңіз.
Шаңсорғышқа арналған түтік
Шойыннан жасалған радиаторлар жекелеген секциялардан тұрады, секциялар арасындағы қашықтық өте тар келеді. Сондықтан қарапайым шаңсорғышпен радиатордың шаң-тозаңын сору қиынға соғады. Бұл мәселені шешу үшін фольганың картон түтігінен ұзартқыш жасаңыз. Мұндай түтіктер батареяның артқы жағындағы қуыстарды тазалауға да жақсы көмектеседі.Түтікті шаңсорңыштың басына кіргізіп, орап, батареяның қуыс-қуысын тазалап шығыңыз.
Батареяның артқы қабырғасын тазалау үшін Cleanipedia энциклопедиясы ұзын таяқшаны алып, оның ұшын шүберекке орап, сулап алып, радиаторды сүртіп шығуға кеңес береді. Таяқтың орнына сызғыш та пайдалануға болады.
Губка
Батареяның ішінде жиналған шаң-тозаңды сода ерітіндісімен жақсылап жууға болады. Ол үшін 1,5 литр ыстық суға 1 ас қасық сода және 0,5 ас қасық ыдыс жууға арналған гель қосу қажет.
![Губкадан әзірленген құрал Губкадан әзірленген құрал](https://cdn.nur.kz/images/1120/241322ad66c8a829.jpeg)
Радиатордың астына су ағып кетуі үшін шүберек төсеп қойыңыз. Ыдыс жууға арналған губканы алып, биметалл батареяны жуу үшін оны ортасынан ұзын жіппен байлаңыз. Алдын-ала әзірлеп алған сода ерітіндісіне губканы матырып алып, батареяның арасына салып, жібін ары-бері тартыңыз. Металл, алюминий және шойыннан жасалған батареяларды жуу кезінде жіптің орнына сым темірді пайдалануға болады.
Батареяның сыртын сірке суы ерітіндісімен сүртіп, таза сумен шайыңыз.
Радиатор жылуды ұзақ ұстап тұруы үшін және оны шаң-тозаң басып қалмауы үшін сыртын апта сайын, ал ішкі қуысын бір айда бір рет тазалап тұрған жөн. Ол үшін біз ұсынған әдістерді қолдануыңызға болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2202042-zhylu-batareiasynyng-ishi-syrtyn-qalai-tazalauga-bolady/