Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Миксер мен арнайы формасыз бәлішті қалай пісіруге болады: Ақнұр Тілекқызынан ерекше рецепт

Жарияланған күні:

Миксерсіз даярланатын ерекше бәліш. Скриншот
Миксерсіз даярланатын ерекше бәліш. Скриншот: YouTube/Aknur Tilekkyzy

Бәлішті миксерсіз, тіпті арнайы формасыз қалай пісіруге болады? Бүгінгі материалда кешкі шайға оңай әрі тез дайындалатын ерекше десерттің рецебімен бөлісетін боламыз.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Ақнұр Тілекқызы миксер мен арнайы формасыз бәліш пісірудің рецептімен бөліседі.
  • Бәліштің негізгі құрамдас бөліктері: ұн, қант, какао, ас содасы, сүт, сұйық май және жұмыртқа.
  • Дайындау процесі төрт кезеңнен тұрады: құрғақ құрамдастарды араластыру, сұйық ингредиенттерді қосу, қамырды пісіру және крем дайындау.

Миксерсіз әрі арнайы формасыз пісірілетін ерекше бәліштің рецебімен белгілі фудблогер Ақнұр Тілекқызы таныстыратын болады. Блогердің YouTube арнасынан осы сынды өзге де тағамдардың рецебімен танысуға болады.

Сипаттамасы

Асхана: Еуропа

Санаты: десерт

Дайындалу уақыты: 10 минут

Дайын болу уақыты: 20-25 минут

Құрамы

Ұн - 395 г

Қант - 250-300 г

Какао - 45 г

Тұз - 0,5 шай қасық

Ас содасы - 2 шай қасық

Сірке суы 6% - 1 шай қасық

Сүт - 420 г

Сұйық май - 180 г

Жұмыртқа - 3 дана

Сүтті немесе қышқыл шоколад - 150-200 г

Сүт - 40-45 г

Дайындалуы

1. Бәліштің құрғақ құрамын араластырамызй

Бәліштің қамырының құрғақ құрамын араластырамыз. Скриншот
Бәліштің қамырының құрғақ құрамын араластырамыз. Скриншот: YouTube/Aknur Tilekkyzy

Шұңғыл ыдысқа ұнды саламыз. Сосын какао қосып араластырамыз. Үстінен бір кесе қант қосып, тағы да араластырамыз. Аздап тұз қосамыз. Бөлек ыдысқа екі шай қасық ас содасын салып, үстінен бір шай қасық сірке суын қосып, араластырамыз. Қамырға қосамыз.

2. Жұмыртқа мен сұйық май қосамыз

Жұмыртқа мен сұйық май қосамыз. Скриншот
Жұмыртқа мен сұйық май қосамыз. Скриншот: pixabay.com

Қамырдың құрғақ құрамына үш жұмыртқа қосамыз. Сосын сұйық май мен сүтті қосып, барлығын жақсылап араластырамыз.

3. Противеньге қамырды құйып, бәлішті пісіреміз

Бәлішті противеньге құйып, пісіреміз. Скриншот
Бәлішті противеньге құйып, пісіреміз. Скриншот: pixabay.com

Противеньге фольга қағазын төсейміз. Сосын сұйық қамырды құйып, біркелкі етіп жаямыз. Бәліш үлкен әрі биік болып шығады. Қызып тұрған пешке, 180 градусқа, 20-25 минутқа қойып, пісіріп аламыз.

4. Крем дайындаймыз

Бәлішті турап, дастарханға ұсынамыз. Скриншот
Бәлішті турап, дастарханға ұсынамыз. Скриншот: pixabay.com

Арнайы ыдысқа шоколад пен сүтті қосамыз. Сосын отта қайнап тұрған суға салып, ерітеміз. Піскен бәліштің үстіне шоколадты ганашты құйып, жағып шығамыз. Төртбұрыштап турап, әр бөліктің үстіне жаңғақты сеуіп шығамыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2207585-mikser-men-arnaiy-formasyz-balishti-qalai-pisiruge-bolady-aqnur-tilekqyzynan-erekshe-retsept/