Қыз ұзату тойына арналған ең үздік әндер топтамасы
Жарияланған күні:
Қыз ұзату - жас бойжеткен өміріндегі ең маңызды сәттердің бірі. Осыған орай, оның ұзатылу тойында да қыз ұзату әндері шырқалуы тиіс. Назарларыңызға қыз ұзату тойына арналған әндер топтамасын ұсынамыз.
- Мақалада қыз ұзату тойында орындалатын танымал қазақ эстрада әндері туралы айтылады.
- Гауһар Әлімбекова, Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамысова, Салтанат Бақаева, Жазира Байырбекова және Қарақат Әбілдина сияқты әншілердің қыз ұзатуға арналған әндері аталып өтеді.
- Бұл әндердің көпшілігі қазақ тойларында кеңінен танымал және жиі орындалатыны, сондай-ақ олардың мағыналы сөздері мен әуезді әуендері бар екені айтылады.
Қыз ұзату әндері қазақ халқының ескі дәстүрімен, ұзату тойынан соң, қалыңдықты күйеу жігітке табыстар алдында, сондай-ақ ата-анасының ақ батасын алғаннан кейін шырқалатын әндері. Жыл өткен сайын заманауи нұсқада орындалатын қыз ұзату әндері, бүгінгі таңда көптеген қазақ эстрадасының жұлдыздарының репертуарында бар. Назарларыңызға солардың ішінде ең танымал нұсқаларын ұсынамыз.
Гауһар Әлімбекова - "Келінге өсиет"
Осыдан 10 жыл бұрын қазақ эстрада тарихында қыз ұзату әнімен алғаш рет әншілердің бірі - Гауһар Әлімбекова. Оның "Келінге өсиет" әні сол жылдары ұзатылған әр қазақ қызының тойында шырқалды. Сөзін Ә. Рахымбеков, әнін Ә. Оспанов жазған ән күні бүгінге дейін қазақ тыңдармандары арасында кеңінен танымал.
Қазақы әуен әрі мағыналы сөзімен көпшіліктің жүрегін жаулаған ән - қазақ эстрадасындағы ұзату тойына арналған ең әуезді туынды болып қала бермек.
Гауһар Әлімбекова - "Ақ келін"
Гауһар Әлімбекованың қыз ұзату тойына арналған келесі бір әні - "Ақ келін" деп аталады. 2003 жылы жарыққа шыққан ән, қазақ әндері тарихында заманауи, ерекше үлігедегі қыз ұзату әні болып есте қалады. Сөзін белгілі ақын Нәзира Бердалы, әнін орындаушының өзі жазған туындыға қатысты, әнші былай деп еске алады:
"Ән кеңінен танылып, үлкен сұранысқа ие болатынын күтпеген едім. Тыңдарман ықыласы күткен деңгейден де асып түсті", - дейді әнші.
Айнұр Тұрсынбаева - "Қыз ұзату"
Қыз ұзату тақырыбына әнші, сазгерлерден бөлек танымал айтыскер ақындары да жыр шумақтарын арнаған. Солардың бірі қазақтың белді айтыскер ақын қыздарының бірі - Айнұр Тұрсынбаева. Әнін ақынның өзі, ал сөзін Д. Оразымбетова жазған ән аз уақыт ішінде өз тыңдарманын тапты.
Қазіргі таңда "Қыз ұзату" әні әлі де көптің сұранысына ие. Ұзату тойларында ақынның орындауындағы әнді бүгінге дейін жиі естуге болады.
Сара Тоқтамысова - "Ақ еркем"
Ұзату тақырыбында ән шырқаған тағы бір айтыскер ақын қыздардың бірі - Сара Тоқтамысова. Қыз ғұмырына арналған сазды әнде анасының қызына деген ақ тілегі мен жақындарының жылы лебізі жатыр. Қыз ұясынан ұшқан күні орындалатын ән осыдан бірнеше жыл бұрын тыңдармандардың ең сүйікті әндерінің біріне айналды.
Салтанат Бақаева - "Әгугай құрбым"
Әнші, актриса Салтанат Бақаеваның орындауындағы - "Әгугай құрбым" әнін де қыз ұзату әндеріне жатқызуға болады. Қазақы нақышта, жетіген аспабымен бірге орындалатын ән аз уақыт ішінде халықтың сүйікті әндерінің біріне айналды. Бүгінде аталған туынды өнер иесінің репертуарындағы ең танымал әрі сәтті шыққан әндердің бірі.
Жазира Байырбекова - "Қыз бақыты"
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Жазира Байырбекованың - "Қыз бақыты" әні де ұзату тойларында ең жиі орындалатын туындылардың бірі. Әншінің "хит" әндерінің біріне айналған туынды - еңкейген қариядан бастап жалындаған жастарға дейін толқытпай қоймайды. Бүгінде қазақ тойларында аталған әннің түрлі нұсқалары шырқалуда.
Қарақат Әбілдина - "Қызға тілек"
Қыз ұзату тойында жиі орындалатын тағы бір ұзату әні, Қарақат Әбілдинаның репертуарындағы "Қызға тілек" әні. Сазды әуені әрі мағыналы сөзі үйлесім тапқан жырда, тұтас әулеттің қызына деген жылы тілегі мен ақ ниеті жатыр. Тыңдарман арасында өз орнын тапқан ән күні бүгінге дейін ел арасында аса танымал.
Қазақ әндері арасында ұзату әндерінің орны бөлек. Қалыңдық пен оның туыстарын толғандыратын туындылардың жаңа нұсқалары алдағы уақытта да өз тыңдарманын табатыны анық.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2209110-qyz-uzatu-toiyna-arnalgan-eng-uzdik-ander-toptamasy/