Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменнің нәзік жанды арулары сұлулықтың сырын ашты

Опубликовано:

Өскеменнің нәзік жанды арулары сұлулықтың сырын ашты. Үнемі әдемі, ажарлы болып жүру үшін мұзды суға сүңгіп шықсаңыз болды.

Ертіс бойы толған бикештер көңілді у-шумен мұзды суға бірсыпырасы еркін сүңгіп кетті. Жаздың өзінде адам аяғын салуға сескенетін Ертіс өзенінде судың салқындығы - сұлулыққа сеп дейді олар.

Валентина Клименко осы клубқа ем іздеп келген. Ақ халаттылар дертіне шипа таппаған соң мұндағы әйелдер Валентинаны тура морж құсап, салқын суға түсуге үгіттепті.

"Қызуым қырыққа дейін көтеріліп, дәрігерлер мұның неден болғанын біле алмай, дал болды. Бір ай бойы жұмысқа шықпай ауырып жатқан соң, өз денсаулығымды қолыма алып, табиғи еммен айналысуды жөн көрдім", - дейді ол.

Салауатты өмір салтын сақтаған клуб мүшелері үшін әр жексенбі - мейрам іспетті. Шаңғы теуіп, салқын суға түседі, қар үстінде аунап, моншаға барады. Міне, демалыс күндерін өз сұлулығына арнаған нәзік жандылар әсемдігінің сыры осында.

Ал Лидия Бицоева биыл 38-ші рет мұзды суға түсіп жүр. Әр қыс сайын қар жастанып, мұзда жүретін мына әйелдің әже атанғанына бірі сенсе, бірі таңдай қағады.

Экстремал әжелеріміз табиғаттың тылсым күші кез-келген ауруға ем дейді. "Самай шаштарымыз ағарса да, өңіміз қыздай құлпырады" деп сызылған сұлулар "спорт - сұлулық сыры" деп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/305500-oskemennin-nezik-zhandy-arulary-sylulyktyn-syryn-ashty/