Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иттер адамның түріне қарап көңіл-күйін ажырата алады

Опубликовано:

Британдық ғалымдар иттердің адамның түріне қарап, оның ашулы немесе көңілді екенін ажырата алады деген қорытындыға келді.

The Independent басылымының жазуынша, зерттеу барысында иттер адамның түрін есте сақтап, кейін оны ашулы немесе көңілді түрде түскен суреті бар сенсорлық экранда табуы керек болған.

Егер адам итке көңілді түрмен көрінген болса, иттер экрандағы көңілді суретті таңдап басқан. Ал адамның қабағы қатулы болған жағдайда, иттер экрандағы ашулы түскен суретті таңдаған.

Иттердің әр дұрыс жауабы үшін ынталандыру ретінде тамақ беріп отырған. Осылайша иттердің дұрыс жауабы 65-80%-ды құраған.

Бірақ ғалымдар әлі иттердің адамның көңіл-күй ауанын түріне қарап қалай ажырата алатынына жауап таба алмай отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/354910-itter-adamnyn-tyrine-karap-konil-kyjin-azhyrata-alady/

pixel