Психолог: Балаға жыныстық қатынас туралы кішкентай кезінен бастап айту керек

Опубликовано:

Қазақстандық психолог балаға жыныстық қатынас туралы кішкентай кезінен бастап айту керек деп мәлімдеді.

Бұл туралы Ана бол сайты хабарлайды.

Қазақ психологтары қауымдастығының мүшесі Күлмаш Елшібаеваның айтуынша, балаларға кішкене күнінен бастап жыныстық қатынас туралы ақпар берген жөн.

«Қазіргі өркениетті дамыған заманда ашып айтпаса да, баламен жайлап сөйлесу керек. Неге? Өйткені, бүгінгі күні ғаламтор беттерінде де, теледидарда да мұны ашық көрсете беретін болды, бұрынғыдай ұғым жоқ. Сондықтан да, оны біліп, көріп отырған баланың шошып кетпесі үшін, келеңсіз жағдайға кезікпесін басшылыққа ала отырып дер кезінде ақпараттандыра білген абзал», - дейді маман.

Ол әр ата-ана жыныс туралы бірден бәрін жария етпей, жай жапсарын жасыра отырып жайлап түсіндіруі керек деген пікірде.

«Ата-ана Отанға деген махаббаттың бөлек, қыз бен жігіт арасындағы махаббаттың бөлек болатынын айта отырып, содан бала дүиеге келетінін ұғындыру керек.  Қазақтың ұлттық психологиясында: «Баланы жеті жасына шейін бетінен қақпа, жетіден он төртке дейін құлынша жұмса, он төрттен әрі қарай досыңдай сырлас» дейді, яғни ес білгеннен кейін етек жинау үшін ертерек қамданған дұрыс», - дейді психолог Күлмаш Елшібаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/831300-psikholog-balagha-zhynystyq-qatynas-tur/