jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    "Stories-ке фото салу 3000 теңге": "Валентин күніне" орай жігіттер жаңа қызмет түрін ұсынуда

    Гүл
    Көрнекі фото: Pexels

    "Әулие Валентин" күнінде пайда тапқысы келген қазақстандық кей жігіттер танымал хабарландыру сайтында өз қызметтерін ұсына бастады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Мәселен, Тимур есімді жігіт қыздарға құрбылары мен бұрынғы сүйіктісіне жалғыз емес екенін көрсетудің жолын ұсынады. Тіпті, ол өз қызметінің тізімі мен бағасын да жазып қойған.

    Мәселен, Тимур кездесу үшін 10 мың теңге алатынын атап өткен. Сондай-ақ, ол басқа да шығындарды қыздың өзі көтеретінін айта кетті. Егер гүл сыйлау қажет болса, онда гүлдің ақысын да бойжеткен өзі төлейді.

    Одан бөлек, Тимур клиентін жұмыстан немесе сабақтан бизнес санаттағы таксимен алып кете алатынын жеткізді. Алайда бұл қызмет үшін тапсырыс беруші 10 мың теңге төлеуі тиіс. Сонымен қатар, бірге фотоға түсу үшін клиент 1500 теңге, егер "жігітінің" аккаунтын белгілеп, фотоны Stories-ке салу керек болса, тағы 3000 теңге төлеуі керек.

    Одан бөлек, ер адам сыртқы келбетке де мән беру қажет деп санайды. Егер бойжеткен жігіттің өз қалауынша киінгенін қаласа, онда тағы 10 мың теңге төлеуі тиіс. Ал клиент таңдаған киім жігіттің гардеробында болмаса, костюмды жалға алу үшін 15 мың теңге қосымша төлейді.

    Хабарландыру авторының сөзінше, қызметтер тізімін өзгертуге болады және егер ол бірдеңені ескермеген болса, қыз өзіне ұнайтын нәрсені ұсына алады.

    Қызмет
    Скриншот: olx.kz

    Осыған ұқсас тағы бір хабарландыру аталған сайтта жарияланған. Мұнда автор киноға бару үшін 10 мың теңге, гүл сыйлау үшін 20 мың теңге сұраған.

    Егер гүлді қыз сатып алып, оны жігіт өзіне қайтадан сыйласа, онда ер адамға 8 мың теңге төлеуі қажет.

    Кафе не мейрамханаға бару құны 15 мың теңге, дегенмен шотты бойжеткеннің өзі төлейді. Ал фотоға түсу үшін автор 8 мың теңге сұрап отыр. Бірақ фотода келбетін көрсетпеу керектігін ескертеді.

    Айта кетейік, осыған ұқсас қызметтерді ресейлік жігіттер де ұсынуда.

    "Stories-ке фото салу 3000 теңге": "Валентин күніне" орай жігіттер жаңа қызмет түрін ұсынуда

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.