Астана мен Алматыда мереке күндері қандай шаралар өтеді
Опубликовано:
Мегаполистердің әкімдіктері қалаларда қандай мерекелік шаралар өтетінін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Астанада, әкімдік сайтындағы мәлімет бойынша, Тәуелсіздік күніне орай түрлі мерекелік және ресми іс-шаралар, оның ішінде көрмелер, концерттер, сурет байқаулары, турнирлер мен спартакиадалар өтеді:
- 13-15 желтоқсанда "Жансая" орталығында патриоттық әндер, өлеңдер, суреттер байқауы өтеді.
- 14-16 желтоқсанда "Барыс-Аренада" жүзуден ASTANA OPEN ашық республикалық турнир өтеді.
- 14 желтоқсан күні сағат 11.00-де "АЛЖИР" мұражай-мемориалдық кешені "Тәуелсіздік – тұғырым" тақырыбында іс-шара ұйымдастырады.
- 15 желтоқсан күні сағат 11.00-де Астана мемлекеттік архивінде "Тәуелсіздік жолында" архивтік құжаттарының көрмесі өтеді.
- Сонымен қатар, "Нұрлы жүрек" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мерекелік концерт көрсетіледі.
- 15 қазан күні сағат 10.00-де "Арғымақ" ат-сауықтыру кешенінде ат спортынан жарыстар өтеді.
- 15 желтоқсан күні сағат 12.00-де "Астана" СК-да мүкіс спортшылар арасында шағын футболдан Астана қаласының Ашық Кубогы өтеді.
- 15 желтоқсанда Beeline Arena спорт кешенінде алғаш рет "ІВА Чемпиондар түні" — Astana Arlans бокстан турнир өтеді.
- 15-20 желтоқсан аралығында ұлдар мен қыздар арасында қол добынан Астана Кубогы және ұлдар арасында гандболдан ашық турнир басталады.
- 16 желтоқсан күні сағат 14.00-де қуыршақ театры көрермендерге С.Жүнісовтің "Атамекен" спектаклін ұсынады.
- Сол күні сағат 18.00-де.М. Горький сахнасында "Әлия" спектакль-драмасы өтеді.
- 16-17 желтоқсанда садақ атудан Астана кубогы өтеді.
- 17 желтоқсанда Сарыарқа ауданының тұрғындары үшін дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде (Көктал 2, Баршын көшесі, 30/2 ) Спартакиада өтеді.
Еске салайық, Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында елордада "10 игі іс" ұранымен әлеуметтік қайырымдылық шаралары өтіп жатыр. Басты мақсат – қала мен оның тұрғындары үшін игі іс жасау.
Ал оңтүстік астанаға келер болсақ, Алматыда әкімдіктің Telegram-арнасы мынадай шаралар өтетінін хабарлады:
- 15 желтоқсанда сағат 11.00-де Дәстүрлі музыка мультимедиялық орталығында Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен "Тәңір сыйы – Тәуелсіздік" атты кездесу ұйымдастырылады.
- Бұл күні сағат 15.00-де Қонаев мұражайында "Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тірегі" атты фотокөрме өтеді.
- Сағат 15.00-де Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатында "Тәуелсіздік – аппақ таным арайлы" атты тақырыпта дөңгелек үстел өтеді.
- Сағат 19.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Т. Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің концерті өтеді.
- 16-18 желтоқсан аралығында пауэрлифтинг пен стендтік пресс бойынша қала чемпионаты өтеді.
- 18 желтоқсанда сағат 15.00-де Alatau Creative Hub-та "Тәуелсіз елдің ұрпағы" зияткерлік ойыны өтеді.
Айта кетейік, биыл Тәуелсіздіктің 32 жылдығы атап өтіледі. Бұған дейін қазақстандықтар алдағы мерекеде қанша күн демалатынын жазған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/leisure/holidays/2050701-astana-men-almatyda-mereke-kunderi-qandai-saralar-otedi/