Назарбаев Қазақстанға қаржы салуға инвесторларды қалай көндіргенін айтты

Опубликовано:

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев шетел инвесторларын Қазақстанға инвестиция салуға қалай шақырғанын еске алды деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.

"Жиырма бір жыл бұрын алғаш рет Chevron компаниясын Қазақстанға шақырып, компаниямен келіссөздер жүргіздім. Мен компанияның сол кездегі президенті Дерр мырзаға қарама-қарсы отырып, салықтарға қатысты, Қазақстанға қанша, ал оған қанша екеніне, ел аумағына қатысты пікір таластырдым. Оның сол кезде маған айтқаны: "Президент мырза сіздерде заң да жоқ, сіздерде маман да жоқ, сіздерде технология да жоқ. Біз неге үміт арта аламыз? Сіз бізді немен сендіресіз?", — деді Назарбаев жұмада шетелдік инвесторлар кеңесінде

"Менің жалғыз уәжім бар — сіздер маған сенуге тиіссіздер", — дедім. Мен оларды жарға жыққан жоқпын деп ойлаймын. Олар осында Қазақстанда сәтті жұмыс істеуде… Мен әлі де: "Маған сеніңдер" деймін… әйтсе де қазір бізде заңдар да, әзірленген кадрлар да бар", — деп түйді ол.

Тағы оқыңыз:

Қазақ жеріне Қытайдың бірнеше ірі компаниялары келіп жатыр

Астана Барселона, Ыстамбұл секілді қалалармен иық теңестірді

Қазақстан Дүниежүзілік банктен 1 млрд доллар қарыз алатын болды

Қарағанды облысының диқандары кәдімгі ноқатты экспортқа шығармақ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1141725-nazarbaev-qazaqstangha-qarzhy-salulagh/