"Алтынға малынған" «АрселорМитталдың» директоры елді бірден өзіне қаратты (фото)

Опубликовано:

Теміртауда өткен баспасөз жиынына «АрселорМитталдың» жаңа бас директоры Парамжит Калон "алтынға малынып" келді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Парамжит Калон оң қолына алтын жүзік, алтын білезік тағып алған. Онымен қоймай, директор алтын қалам ұстап отырған.

Парамжит Калон көп алтынды тағуына қатысты бәрінің мінсіз болғанын ұнататынын сөз етіп, бұлшықеттерінің шыныққанымен де мақтанып үлгерді.

«Мен бәрінің мінсіз болғанын ұнатамын. Көп оқып, спортпен шұғылданамын. Қарным жоқ, бұлшықеттерімді әбден шынықтырғанмын», - дейді Парамжит Калон.

Ол Қазақстанға келгелі компанияның қиындықтарын білек сыбана шешуге кіріскенін алға тартты.

«Алғашқы жұмыс жылында мен комбинатта уақытымның тоқсан пайызын жұмсауға бел будым. Осылайша өндірістік қиындықтарды жедел түрде шешемін деп үміттенемін», - дейді жаңа директор.

Ол өзінің БАҚ-қа және қоғамға «мөлдір стақан секілді ашық» екенін сөз етті.

«Мен мөлдір стақанмын, қоғам үшін ашықпын», - деді Калон қолындағы стақанды көз деңгейіне дейін көтеріп.

Айта кетерлігі, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының бас директоры мекемедегі қызметкерлер саны көптігін мәлімдеп, артық қызметкерлерін жұмыстан шығаратын айтқан.

Сонымен қатар, «Арселор Миттал Теміртау» басшылығының 63 жастан асқан кеншілерге жалақы бермеу туралы бұйрық шығарғаны жұмыскерлердің наразылығына ұласқан болатын.

Тағы оқыңыз:

2025 жылдан бастап ЕАЭО елдері бір-бірінен мұнайды шектеусіз сатып алады

Лукашенко ЕАЭО-ның жұмысына көңілі толмағанын білдірді

Назарбаев: Ресей ең жақын көршіміз әрі одақтасымыз болып қала береді

Қазақстан үшін бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру қиындап кетті

Назарбаев әлем халқын терроризммен бірлесіп күресуге шақырды

Қазақстан Еуразиялық Одақтан пайда көрді ме?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1145712-arselormittaldynh-zhanha-bas-direkto/