Ұлттық банк зейнетақы қорындағы ақшаны алуға рұқсат етуі мүмкін

Опубликовано:

Тұрғындардың зейнетақы қорларына жинаған қаржысын мерзімінен бұрын шешіп алуына жағдай жасалуы мүмкін. Яғни тиісті құжат қабылданса, азаматтар өз жинақтарын зейнет жасына жетпей-ақ ала алады деп хабарлайды КТК арнасы.

Бас банкир Данияр Ақышевтің айтуынша, мұндай тәжірибе әлемнің көптеген елдерінде бар. Яғни азаматтар зейнетақы қорындағы жиналған ақшасын жеке басына пайдаланып, несиесін жабуға немесе емделуге жұмсауына болады. Бұл тәжірибені енді біздің елде де енгізу мәселесі қарастырылуда.

Ал оған дейін бас банкир зейнетақы қорларындағы қаржыны екінші деңгейлі банктерге жылдық өсімақысы 14-16 пайызбен депозит ретінде беруді ұсынып отыр.

Осылайша халықтың жылдар бойы жинаған салымын инфляция жұтып қоймас үшін көбейтіп отырмақ. Бұдан бөлек бірыңғай зейнетақы қорындағы қаржы құнды қағаздар нарығында да кеңінен пайдаланылуда дейді Ұлттық банк өкілдері.

"Зейнетақы қорында 6 трлн 145 млрд теңге жиналып отыр. Оның 42,5 пайызы Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарына инвестицияланған. 39 пайызы басқа да Қазақстан республикасының имитенттерінің бағалы қағаздарына инвестицияланды. Және он пайызы шетелдік имитенттердің бағалы қағазына инвестицияланған. Егер валютамен бөлетін болсақ 79,5 пайызы теңгемен қалғаны шетел валюталарымен инвестицияланған", - дейді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ғалымжан Пірматов.

Тағы да оқыңыздар:

Ауызашар кезінде қателікке ұрынбау үшін не істеу керек?

Оралда екпе жасаймын деп адам өлтіріп алған мәскеулік косметологқа үкім шықты (фото)

Расул Жұмалы: Үштілділікті билік өзінен бастасын

Шымкенттіктер әкімнің велосипед тақымдауын "арзан PR" деп атады

Илья Ильин: Седовтың жазғандарын ойлап отыратын уақытым жоқ

Ақордадағы ірі кадрлық ауыс-түйіс: Әлеуметтік наразылықтың артуының нәтижесі ме?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1168978-ulttyq-bank-zeynetaqy-qoryndaghy-aqsha/