Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл Меккеге қажылыққа баратындар үшін билет қымбаттап кетті

Опубликовано:

Бүгін халық алдында есеп берген инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек биыл қажылыққа баратын қазақстандықтар үшін ұшақ билеттерінің қымбаттауына не себеп болғанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Жолаушылар тасымалына кететін шығындардың 50 пайызын «Эйр Астана» компаниясы өз мойнына алады деген жоспар болған. Негізі, ережеге сәйкес, оны Сауд Арабиясының компаниясы алуы шарт. Қалған 50 пайызын туристерді жіберіп жатқан мемлекеттің өзі өтейді. Бас кезінде «Эйр Астана» келісті. Бірақ артынан ол бастамадан бас тартты. Себебі оған арналған ұшақ зауыттан уақытында жеткізілмеді. Ал басқа әуе компаниялары Сауд Арабиясының азаматтық авиациясына тиісті құжаттарды тапсырып үлгермеді», - деп атап көрсетті Жеңіс Қасымбек.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде осы жұмысқа басқа компания тартылды. Бірақ Меккеге баратын билеттердің құны 150 доллардың айналасында болып тұр.

«Келесі жылы біз ертерек қимылдайтын боламыз. Ол кезде 50 пайыздық жеңілдік сақталады. Мен оған кепіл бере аламын», - деді Қасымбек.

Тағы да оқыңыздар:

Мақпал Жүнісова аздап сыра ішіп тұратынын концертінде айтып қойды

Назарбаев: Ата-баба аруағына сыйынғанда тұрған еш әбестік жоқ

АҚШ-тағы гей-парадқа қатысқан қыз өзін "Бораттың жерлесімін" деп таныстырды (видео)

ОҚО-да 16 жылдан бері Мәдениет үйін паналап келген жесір әйел NUR.KZ-тегі мақаладан соң үйлі болды

Дана Нұржігіт анасы екеуінің арасын алшақтатып жіберген "Асыл арнаға" өкпелі

Лондонда суретші әйел көшедегі жұртқа өзінің әуретті жерлерін сипатты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1174576-biyl-mekkege-qazhylyqqa-baratyndar-ush/