Атырау облысында ұн мен нан бағасы күрт көтеріліп кетті

Опубликовано:

Атырауда нан бағасы орташа алғанда 10 теңгеге қымбаттады. Егер бұрын ақ бидай ұнынан пісірілген бөлке нан 55-65 теңгеден сатылса, енді 70 теңге болды.

Атыраудағы наубайхана иелерінің айтуларынша, бұған ұнның қымбаттауы себеп болған деп жазады Ақ жайық.

"Бұрын біз тұрақтандыру қорынан дотациялық ұнның бір келісін 60 теңгеден алатын едік. Оралдан тиеп, Атырауға жеткізу есебімен біз құны 65 теңгеден ұн алдық. Бірақ енді тұрақтандыру қорындағы арзан ұн бітіп қалды, бізге оны басқа жақтан сатып алуға тура келеді. Ал ол қымбаттап кетті. Мәселен, жоғарғы сұрыпты ұн жақында ғана 86 теңге еді, енді 103 теңге болды", - дейді қаладағы наубайханалардың бірінің иесі.

Бөлшек бағада ұн орташа алғанда 60-70 теңгеге қымбаттады. Мәселен, «Цеснаның» бір келісі бір апта бұрын 190 теңгеден сатылды, енді 260 теңге болды. Наубайхана қожайындарының пікірінше, ұнның қымбаттауы - ескі қорлар сарқылып, жаңасы әлі түспеген маусымға байланысты болуы мүмкін. Оған қоса, элеваторлар жоспарлы профилактикалық жұмыстарға және жөндеуге қойылған.

Тағы да оқыңыздар:

Есепті "шемішкеше шағатын" Шөкеевтің біз білмейтін қырлары қандай? (фото)

Ақтөбеде жетімдер үйіндегі қорғансыз қызды малшылар аяусыз зорлап келген (фото)

Семейдегі КСРО кезінен қалған Ленин көшесіне Әлихан Бөкейхановтың аты берілетін болды

Атамбаев әйелдерді хиджап емес, ұлттық киім киюге шақыратын баннер ілгізіп жатыр (фото)

Алматыда полицейлерді қырып салған лаңкестің әйелі елден кешірім сұрады

"Қайраттың" қақпашысы маңызды матч алдында саусағын сындырып алды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1197461-atyrau-oblysynda-un-men-nan-baghasy-kur/