Қазақстанда доллар құны 331 теңгеге түсіп кетті
Опубликовано:
Қазақстан қор биржасында таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Оның нәтижесі бойынша доллар бір теңгеге арзандай түскен деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 22 мүшесі қатысты. Айта кетерлігі, қаржы құралдары үшін бұл сессия негізгі болып табылады.
АҚШ долларының теңгеге шаққандағы орташа сараланған бағамы долларына 331,60 (-1,09 теңге) теңгені құрады. Ал сауда-саттық көлемі 40 350 мың (+2 850 мың USD) АҚШ долларына жеткен.
Алтыншы қазан күні күндізгі сессия қорытындысы бойынша АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы 332,72 теңге болған. Ал апта ішінде америкалық валюта төрт теңгеге құлдырады.
Тағы да оқыңыздар:
Қазақстандағы әкімдердің жұбайлары кімдер? (фото)
Мирзияевтің күйеу балалары Каримовке тиесілі компанияларды өздеріне алып жатыр
Шымкенттік полицей Атамқұлов сыйлаған көліктің сау тамтығын қалдырмады
Рио Олимпиадасында боксшыларға төрелік еткен қазылар түгелдей қызметінен қуылды
Ресейлік шоумен Астанадағы мейрамханасына тірі жолбарыстарды жалдады
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1276031-qazaqstan-dollar-quny-331-tenhge-bolyp-tu/