Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде арақ пен сыраны жарнамалауға рұқсат етілмекші

Опубликовано:

Жаңа жылдан бастап еліміздегі телеарналарда спирттік ішімдіктерді жарнамалауға рұқсат етілмекші. Бірақ, алкогольдердің бөтелкелері емес, тек логотипі көрсетіледі деп хабарлайды КТК арнасы.

"Спирттік ішімдіктер туралы жарнама прайм-таймда көрсетілмейді. Түнгі 11-ден таңғы 5-ке дейінгі уақытқа қоямыз. Балаларға көрсетпейміз. Бұл телеарналар үшін қосымша қаржы көзі болады. Осылай отандық өнімді қолдамасақ, бәрібір шетелдік ішімдіктер алға шығып кетуде", - дейді Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.

Яғни, үкімет қаржы дағдарысына байланысты спирттік ішімдіктерді жарнамалауға мәжбүр екен. Өйткені, қазір кәсіпкерлер телеарналарға жарнамаға жылына 36 миллиард теңгеге тапсырыс береді.

Бұл қаржы теле-радиолардың шығынын толық жабуға жетпейді. Жалпы, елімізде 12 жыл бұрын сыра, шарап пен темекі сынды денсаулыққа зиян өнімдерді көгілдір экрандарда насихаттауға тыйым салынған болатын.

Және биыл шілдеден бастап Қазақстанда қайта тарнсляцияланатын шетелдік телеарналардың да сыраны насихататуына шектеу қойылған-ды.

Тағы оқыңыздар:

Америкалық сарапшы: Сайлаудан соң Өзбекстанның өмірі өзгереді

Бекболат Тілеухан Facebook-ті ауыздықтау мәселесін көтерді

Трамп Обаманың бүгінге дейінгі саясатын түбегейлі өзгертпек

Астанада ірі экстази тасымалдау каналына тосқауыл қойылды (фото)

Шымкентте бір үйдің екі бірдей баласы газдан уланып көз жұмды

Қостанайда азғантай ақша үшін 80 жастағы зейнеткерді өлтіріп тастады

Оралда 53 жастағы келіншек емхананың терезесінен секіріп кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1338229-elimizde-araq-pen-syrany-zharnamalaugh/