Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа жылда еліміздегі бірқатар өнімдер мен қызметтердің бағасы қымбаттайды

Опубликовано:

Келер жылдан бастап зейнетақы мен бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақымен бірге бірқатар өнімдер мен қызметтердің бағасы да қымбаттайды деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Энергетика министрлігінің бұйрығына сәйкес, 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында сұйылтылған мұнай газының бағасы тоннасына 28 мың теңге болады. Бұл 21,6 пайызға өседі деген сөз. Сарапшылардың айтуынша, келесі жылы бензин бағасы да шарықтауы мүмкін.

Жанармайдың орташа бағасы литріне 150 теңге болуы ықтимал. 2017 жылы темір жол билеттерінің құны да көтеріледі. Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев билеттердің 3-7 пайызға өсетінін айтқан. Ал ұшақпен ұшу, керісінше, арзандауы мүмкін.

Монополияға қарсы комитеттің төрағасы Серік Жұманғариннің сөзінше, «Эйр Астананың» тарифтері өзгермек. Яғни ең қымбат билеттердің құны 10 пайызға төмендейді. 2017-2019 жылдарға бекітілген бюджет бойынша, еліміздегі ең төменгі жалақы 7 пайызға көтеріліп, 24459 теңге болмақ.

Ал алкогольдің бір литрінің акцизі 2017 жылы 2000 теңге, 2018 жылы 2275 теңге, 2019 жылы 2550 теңге болады. Темекі өнімдерінің ең төменгі бағасы 240 теңгеден 300 теңгеге өседі.

Тағы да оқыңыздар:

Алматыда тағы үш McDonald's ашылды

Головкин-Джейкобс кездесуінің кезекті промо-ролигі шықты (видео)

Көкшетауда полицейдің өліміне күдікті тергеуге кедергі келтіруі мүмкін

Филиппин президенті жемқорлардың барлығын тікұшақтан лақтырып жібермек

Шымкентте той үстінде жаппай төбелес болды (видео)

ОҚО-да құлағына сырға таққан аяғы ауыр Аяз Ата желі жұлдызына айналды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1362921-zhanha-zhylda-elimizdegi-birqatar-onimd/

pixel