2017 жылдың ең қымбат 10 көлігі

Опубликовано:

 eduinfo.kz порталы назарларыңызға 2017 жылдың ең қымбат 10 көлігін ұсынады.

10. Apollo Arrow

Германиялық жеке кәсіпкер Apollo Arrow жасап шығарған спорттық үлгідегі автокөлік. Бағасы 1 миллион 100 мың АҚШ доллары. Бұл көлік 2016 жылы Женева Автокөрмесінде таныстырылған. Көлемі 4,2 л болатын қос турбиналы V8 қозғалтқышымен жабдықталған. 1000 ат күшіне есептелген, сағаттық жылдамдығы 100 шақырымға жету үшін 2,9 секунд жеткілікті. Тек 100 данасын ғана шығару көзделген.

9. Evantra Millecavalli

Италиялық танымал спорттық көлік шығарушы Mazzanti жасап шығарған бұл көліктің бағасы 1 миллион 200 мың АҚШ доллары. Тек 25 данасы ғана бар. Көлемі 7 л болатын қос турбиналы V8 қозғалтқышымен жабдықталған. 1000 ат күшіне есептелген көліктің ең жоғары жылдамдығы 400 шақырым/сағат.

8. Ferrari LaFerrari Aptera

Жер бетінде 200 данасы ғана бар бұл көліктің бағасы 1 миллион 400 мың АҚШ доллары. 6,3 литрлік бензин моторымен қоса, 120 KW-тық электроқозғалтқышы да бар. 950 ат күшіне ие темір тұлпар жылдамдығын 100 шақырым/сағатқа жеткізу үшін 3 секунд жұмсайды. Ең жоғары жылдамдығы 350 шақырым/сағат.

7. Arash AF10 Hybrid

Бұл көлік аралас энергиялы моторлармен жабдықталған. Жалпы қуаты 2080 ат күшіне тең. Көліктің құны - 1 миллион 500 мың АҚШ доллары.

6. Zenvo ST1

Дания елінің бұл спорт көлігі 1 миллион 800 мың АҚШ доллары тұрады. Автокөлікке 5,9 литр көлеміндегі V8 моторымен қоса, қос механикалы қысым күшейткіш мотор орнатылған. 15 данасы ғана құрастырылған көліктің қуаты 1100 ат күшіне тең. Ең жоғары жылдамдығы 360 шақырым/сағат.

5. Koenigsegg Regera

Көліктің құны - 1 милион 900 мың АҚШ доллары. Қуаты 1882 ат күшіне тең. Жер бетінде тек 80 данасы болады деп күтілуде.

4. Bugatti Chiron

Бағасы 2 миллион 700 мың доллар тұратын екі адамдық спорт көлігіне, ең жаңа Bugatti 8,0 литрлі W16 моторы орнатылған. Қуаты 1500 ат күшіне тең болатын көлік жылдамдығын 100 шақырым/сағатқа көтеру үшін 2,5 секундты қажет етеді.

3. Pagani Huayra BC

Бағасы 2 миллион 800 мың АҚШ доллары. 6,0 литрлік қос турбиналы AMG мотор орнатылған. Қуаты 750 ат күші деп есептелген көліктен тек 20 данасы құрастырылған.

2. Lykan Hypersport

Бұл араб елдерінен шыққан тұңғыш спорттық автокөлік. Бағасы 3 миллион 400 мың АҚШ доллары. Қуаты 780 ат күшіне тең көліктен тек 7 дана ғана құрастырылған. Көліктің алдыңғы жағы мен шырақтарын әшекейлеуге 220 дана алмас түйіршіктері жұмсалған.

1. Aston Martin MA-RB 00

Martin компаниясы мен Red Bull Racing компаниясы бірлесіп өндірген бұл көліктің бағасы 3 миллион 900 мың АҚШ доллары. Ең жаңа V12 моторы орнатылған көліктің спорттық түрінен 25 дана, әдеттегі нұсқасынан 150 дана құрастырылған.

Тағы оқыңыздар:

Мелания Трамп Мишель Обамаға қандай сыйлық тарту етті? (видео)

"Қашан тұрмысқа шығасың" деген сөзден шаршаған арулар уақытша жігіт жалдап жатыр

Ақтөбелік келіншек қауқарсыз әжесін алдап, далада қалдырды

Атақты футболшы 24 жасында есірткі шеккенін айтып мақтанды

Шенеуніктерге көңілі толмаған Мирзияев оларды сөгіп тастады

Атыраулық тұрғын араққа ақша табу үшін зейнеткерді ұрып өлтірген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1390392-2017-zhyldynh-enh-qymbat-10-koligi/