Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1 наурыздан бастап 2006 жылғы үлгідегі 1000 теңгелік айналымнан шығады (фото)

Опубликовано:

Ұлттық Банк 2017 жылғы 1 наурыздан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттардың айналымнан шығып, төлем құралы болуын тоқтататынын еске салады деп хабарлайды NUR.KZ.

Аталған күнге дейін бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және Қазақстанның бүкіл аумағында төлемдер және банк операциялары үшін қандай да болмасын шектеусіз пайдаланылады.

2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдарында олардың айналыста болуының аяқталу күнін күтпей айырбастауға болады.

"Одан кейін 12 ай ішінде – 2017 жылғы 1 наурыз – 2018 жылғы 28 ақпан аралығында қоса алғанда – көрсетілген банкноттар кез келген екінші деңгейдегі банкте айырбасталады. Ұлттық Банктің барлық филиалдарында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар айырбастау үшін 2021 жылғы 28 ақпанға дейін қабылданады. Ұлттық Банк филиалдары бұл банкноттарды комиссия алмай айырбастайды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Ұлттық Банк заңды төлем құралы болып табылатын номиналы 1000 теңгелік ескерткіш банкноттардың айналыста екендігін де мәлімдеді.

Тағы оқыңыздар:

Астаналық бойжеткеннің эротикалық суреттері жігітінің кесірінен желіге тарап кеткен

Психолог: Әкесі ішкіш қыздардың 60 пайызы сондай күйеуге шығады

Жасы 35-ке келген қазақ қызы балалы болудан бас тартты

Сағынтаев: "Оңай" оңай болмай шықты

Ресейде әйелін ұратын еркектер енді қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1403070-1-nauryzdan-bastap-2006-zhylghy-ulgidegi-1000-te/

pixel