Forbes тізіміне енген Қазақстандағы ең бай миллиардерлер кімдер?

Опубликовано:

Әлемдегі бай-бағландардың рейтингін жариялайтын Forbes журналы 31-ші рет тізімін жаңартты. Жаңарған рейтингте қазақстандық дәулеттілер де бар деп жазады NUR.KZ.

Тізімге еліміздің бес миллиардері кірген. Олардың арасында Болат Өтемұратов көш бастап тұр. Журнал Өтемұратовтың байлығын 2,3 млрд доллар деп бағалаған. Бүкіл әлем байларының рейтингінде Өтемұратов  125 орынға төмендеп, 896-шы болып жайғасқан.

Сондай-ақ, әлемдегі ең бай адамдар қатарына  "Қазақмыс" корпарациясының бұрынғы басшысы Владимир Ким және Тимур мен Динара Құлыбаевтар да кірді.  Олар жалпы есепте 973 орында тұр. Яғни, үшеуі бір позицияны бөлісуде.

Әлемдік байлар қатарында  "Еуразиялық банк" АҚ президенті Алиджан Ибрагимов та бар. Ол 1,9 млрд қаржымен 1908 орынға көтерілген.

Қазақстандық миллиардерлер әлемдік рейтингте төмен сырғыса да, бір жылдың ішінде байлығын бірнеше есеге арттырған.

Байлар рейтингінде Билл Гейтс төртінші жыл қатарынан бірінші орынды берер емес. Оның байлығы 75 млрд доллардан  86 млрд долларға өскен.

Екінші орынға Билл Гейтстың досы Уоррен Баффет орналасса, Джеф Безос тұңғыш рет әлем байларының үштігіне енді.

Forbes тізіміне көршілес Ресейдің  96 адамы енген. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 12 есеге көп.

Тағы оқыңыздар:

ОҚО-да екі депутат төбелесіп, бірінің миы шайқалды (фото)

Жағаға шығып қалған су перісінің қаңқасы көпшілікті шошытты (фото, видео)

Атақты бокс жұлдыздары Головкиннің жеңісіне күмән келтірді

Әлемдегі ең қарт миллиардер 101 жасында көз жұмды

Жанкүйерлер Головкиннің Джейкобсты жеңгеніне күмән келтірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1444802-forbes-tizimine-engen-qazaqstandaghy-enh-bay/

jitsu gif