Елімізде банк алдында берешегі бар адамдардың қарызы кешірілуі мүмкін

Опубликовано:

Қаржы министрлігі ипотекаға баспана алып, несиесін төлей алмай жүрген азаматтарға жеңілдік жасайтын жаңа заң жобасын әзірлеп жатыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Заң жобасы күшіне енген соң, банктер жұрттың қарызын жаппай кешіреді деу бекер. Жеңілдік тек әлеуметтік жағдайы төмен, жұмыссыз, мүгедек азаматтарға жасалады. Құжат бойынша, бірінші берешегі бар адам мен банк өзара келісім жасайды.

Борышкер банкке жағдайын түсіндіріп, айлық төлемді тоқтатуды және қарызды бірнеше жылдан кейін қайтаруды сұрайды. Ал банк клиентті күтуі тиіс. Егер тараптар бұл талапқа көнбесе, бір-бірін сотқа береді.

Тағы оқыңыздар: Астаналық таксист шетелдік қонақты әуежайдан қонақ үйге 40 мың теңгеге жеткізген

"Сот жан-жақты зерттеу жүргізеді. Бұрын борышкер үстінен қылмыстық іс қозғалмаса, оның материалдық жағдайы шынымен де қиын болса, жеңілдік жасалады. Судья отбасылық жағдайын да ескеріп, оның қарызын толық кешіру туралы шешім шығаруы мүмкін", - дейді Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы Айгүл Уәлиева.

Сондай-ақ, егер несиеге алынған пәтер борышкердің жалғыз баспанасы болса да қарызы кешіріледі де, үй иесінде қалады. Үкімет мұндай жеңілдік жасауға мәжбүр. Өйткені, соңғы кезде елімізде берешегі бар азаматтар саны күрт артыпты.

Қазір ипотекаға алған баспанасының қарызын төлей алмай жүрген 338 мың адам бар. Олардың берешегі бір жарым триллион теңгеге жеткен.

Жаңа заң тек ипотекалық несиеге емес, кез-келген қарызға қатысы бар. Тек алимент төлемей жүрген әкелердің бала-шағасының алдындағы берешегі мен кәсіпкерлердің қарызына жеңілдік жоқ.

Тағы оқыңыздар: Астанада ЭКСПО кезінде өтетін концерттер мен көрменің билет бағасы белгілі болды

Қаржы министрлігі қарызға қатысты заң жобасын әзірге жан-жақты талқылап, мамандардың пікірін тыңдауда. Және жеңілдікке ілінетін азаматтардың тізімін жасап жатыр. Шенеуніктер құжатты күзде мәжіліске таныстырмақ. Егер депутаттар қолдаса, заң жобасы 2021 жылы күшіне енеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1515591-elimizde-bank-aldynda-bereshegi-bar-ad/

jitsu gif