Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Несиеңізді жабатын қаражат жоқ болса не істеу керек

Опубликовано:

Несие рәсімдеу барысында қарыз алушылардың ешбірі өзінде қаржылық дағдарыс болып қалады деп ойламайды. Алайда 2018 жылы 1,5 млн мерзімі өткен төлем иелері "аяқ астынан" қиындық болып қалғанын жиі айтқан. Бүгін біз осындай жағдайда өзіңізді қалай ұстау керектігін айтамыз.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

Ақша болмай қалған жағдайда өзіңізді қалай ұстау керегін түсіну үшін, өзімізді банктің орнына қойып көруіміз керек. Елестетіңіз, сіз Серік есімді алыс туысыңызға қарыз бердіңіз. Әр айдың 20 күні соманың бір бөлігін береді деп күтесіз.

№1 жағдай. 21-күн болады, сосын 22, сосын 23, ал Серік ақша әкелмейді, хабарласпайды. Ол 30-күні ғана "Жұмыста жалақымызды кешіктірді. Енді ғана алдым" деген сөзімен пайда болады.

№2 жағдай. Серік сізге 19-күні келіп, жалақысының кешіктіріліп жатқанын, ақша түскен бойда, бірден ай сайынғы төлемді жасайтынын хабарлайды.

Қай жағдай сіздің сеніміңізді оятты? Екіншісі болуы керек.

Сондықтан, алғашқы ереже - қаржылық қиындық туындаған жағдайда бірден банкке хабарлаңыз.

Тағы бір жағдайды елестетіп көріңізші. Серік сізге келіп:

"Аға, біздің дүкеніміз жабылып, мен жұмыссыз қалдым. Іздеп жатқаныма жарты ай болды, әзірге лайықтысын таппадым. Бірақ пәтерақыны төлеу керек, атамқ жеу керек, сол себепті сізге қарызымды бере алмаймын", - дейді.

Бұл жағдайда сіз екі шешім қабылдай аласыз. Біріншісі - оның жақсы жұмысқа орналасып, қаржылық деңгейін бір ретке келтіруіне мүмкін беріп, Серіктің үш айғы төлемін жасамауына рұқсат етесіз.

Екінші шешім - Серікке қарыздың қалған бөлігін ұзақ мерзімге созуды ұсынасыз. Ол берешегін 6 ай емес, 12 ай төлейтін болады делік. Мұндай жағдайда ай сайынғы төлем көлемі азаяды. Оны төлек Серікке де оңай болады.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: UGC

Екінші ереже - банктен төлемдерді кейінге шегеруді немесе қарызды қайта құрылымдауды сұрайсыз. Егер банк сізді адамгершілігі бар қарыз алушы деп есептесе, онда ол сіздің өтінішіңізді жерге тастамайды.

Қарыз алуші үшін қайта құрылымдаудан гөрі төлемдерді кейінге шегерген тиімді. Банктің екі нұсқаның қайсысын таңдайтыны, қарыз алушінің қандай құжат өткізгеніне байланысты. Ол құжаттар мыналар болуы мүмкін:

  • қысқарту туралы бұйрық және тиісті жазбасы бар еңбек кітапшасының көшірмесі;
  • егер жұмыс беруші жалақыны кешіктірсе, жұмысты тоқтата тұру туралы сот талабы және өтініш;
  • қарыз алушының (немесе қарызды төлеуге көмектескен жақын туысының) қайтыс болуы туралы анықтама;
  • мүгедектік туралы анықтама;
  • ауыр сырқатты немесе қымбат операцияны қажет ететіндігін растайтын медициналық анықтама;
  • табыс әкелген мүлікке зиян келтірілгені туралы құжаттар - мысалы, сіз жалға берген үй;
  • баланың туу туралы куәлігі.
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

Нені жасауға болмайды

Қазақстандық қарыз алушылар үшін несиені жабу үшін екінші бір несие алу стандартты әдіс болып кеткен. Алайда қаржы кеңесшілері мұндай қадамға бармауға кеңес береді. Жаңа несие - жоғары пайыздық мөлшерлемемен берілуі мүмкін. Ал ол қарыз алушы үшін қосымша жүк, соның салдарынан қарызыңызды тағы да төлей алмай қалуыңыз мүмкін.

Сақтық шаралары

Төлемдерді ай сайын уақытылы төлеп отыру үшін, мынадай шараларды қолданыңыз:

- Несие рәсімдеу барысында, ай сайынғы төлем мөлшері сіздің табысыңыздың 30 пайызынан аспайтындай етуге тырысыңыз.

- Қауіпсіздік үшін арнайы қалтаңыз болсын - бір жалақы көлемінде. Үшеу болса тіпті жақсы.

- Мүмкіндік болса несиеңізді қайта қаржыландырыңыз. Көбінесе басқа банктер мұндай қызметті төмен пайыздық мөлшерлемемен ұсынады. Бұл ай сайынғы төлемді азайтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1829028-nesieizdi-zabatyn-karazat-zok-bolsa-ne-isteu-kerek/

pixel