Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Автокөлікке депозит арқылы қалай ақша жинауға болады

Опубликовано:

Алматы тұрғыны Тимур Нұрфин редакциясымен автокөлік сатып алу үшін ақша жинаудың тиімді жолмен бөлісті. Ол темір тұлпарға тезірек қаражат жинау мақсатында бір банктен екі депозит ашқан екен.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Depositphotos
Тимур, 35 жаста: "Жұбайым екеуміз жақында автокөлік немесе пәтер алу үшін бастапқы жарна сомасын жинауға шешім қабылдадық. Алғашқы ойымыз депозит ашу болды. Оны басқару ыңғайлы болу үшін салымды менің жалақы алатын банкім арқылы рәсімдедік. Бұл кез келген уақытта қажеттілік болған жағдайда ақша шешуге мүмкіндік беретін депозит түрі. Жылдық табыс мөлшері 9,5 пайызды құрады.
Бірақ қаражат сол күйі жиналмай қойды. Өздеріңізге белгілі, ақша деген жаратылып кете береді. Кейін 250 000 теңге көлеміндегі бар жалақым мен басқа да табыстарды бірден мобильді қосымша арқылы депозитке аударуды шештім.
Ал ақша керек болған кезде, тек қажетті соманы қайтадан шотыма аударып отырдым. Сондай-ақ депозит арқылы бөліп төлеу шартымен алынған тауарлардың ай сайынғы төлемін жүргіземін. Несиелік картаның шотын жауып, коммуналдық қызметтердің ақысын төлеймін. Осылайша, депозитке ай сайын сәл де болса көбірек пайыз жиналатын болды. Кейде екі немесе үш мың теңге, бірақ бұның өзі табыс қой. Мысалы, ұялы байланысты төлеуге болады және депозиттегі қалдықтар да қолма-қол ақшадан гөрі азырақ жұмсалады. Бірақ, бәрібір жаратылып кетеді.
Бірде интернеттен депозит мөлшерлемелері жайлы мақаланы оқып қалдым. Кейбір салымдардың пайыздық мөлшерлемесі біздің депозиттен қарағанда көбірек екенін аңғардым. Белгілі болғандай, бұндай салымдардан ақша шешілмейді екен, бірақ қаражатты шектеусіз салып отыруға болады.
Менің пайдаланатын банкім арқылы да осындай депозит түрін ашуға болатынын білдім. Оның жылдық пайыздық мөлшерлемесі – 10,6%. Бұл жерде де пайыздардың ай сайын есептелетінін айтты, бірақ, депозиттің шотынан ақша шешуге болмайды.
Артық ақша болған кезде осындай депозит түрін ашуға бел байладым. Тағы бір айда кезекті рет жалақымның бәрін бұрынғы депозитіме салдым. Төлемдердің барлығын жасап, азық-түлік сатып алдым, басқа да шығындарды жаптым. Келесі жалақымды алған кезде жоғары пайыздық мөлшерлемемен тағы бір депозит ашуға қаражат жеткілікті болды.
Осылайша, жаңа депозит ашып, алдындағы жалақымнан қалған 50 мың теңгені соған аудардым. Кейін ай сайын солай жасайтын болдым: Жалақымның бәрін ескі депозитіме аударамын, төлемдер мен басқа да қажеттіліктерге ақшаны содан аламын. Ал бірнеше мың теңге болсын артық қалып жатса, оны жаңа, қаражат шешілмейтін депозитке аударамын және қосымша табыстар мен сыйақыларды да толығымен сонда саламын.
Осылайша, жарты жылдан астам уақыт ішінде біз 600 мың теңге жинадық. Бұл үлкен қадам деп ойлаймыз. Жұбайым жұмысқа орналасады, сөйтіп, көбірек салым салуға тырысамыз.
Менің ойымша, несие төлеудің орнына ақшаны депозитке салған дұрыс. Банкке берген ақшамыз қайтарылмайды. Шешіп алу құқығынсыз депозитке қаражат салғанда, оны да мерзіміне жетпей ала алмайсыз. Бірақ ол бәрібір сіздің ақшаңыз болып қала береді".
Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Біз Тимурдың әңгімесінен кейін, автокөлікке қанша уақытта ақша жинауға болатынын ойланып көрдік.

Ол үшін біз барлық банктердің ресми сайттарында табуға болатын депозиттік калькуляторды аштық. Енді бір жыл бойы ай сайын 50 мың теңгеден салым жасап тұрдық делік. Осылайша, бір жылда 600 мың теңге және 46 мың теңге көлемінде пайызды жинауға болады.

Автокөлікке депозит арқылы қалай ақша жинауға болады

Үлгі үшін біз шешіп алу құқығы берілмейтін депозиттің пайыздық мөлшерлемесін пайдаландық.

Егер бұл салым түріне үш жыл бойы ай сайын 50 мың теңге толтырып отырсаңыз, 2 233 000 теңге жиналады екен. Бұл сомаға автокөлік сатып алуға болады. Ал егер бұдан да көбірек сома салып отырсаңыз, жаңа баспана мәселесін де қарастырып көруіңізге болады.

Айта кететін жайт, депозитті ірі немесе шағын сомалармен шектеусіз толтырып отыруға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1833635-avtoklikke-depozit-arkyly-kalaj-aksa-zinauga-bolady/

pixel