Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депозитке мың доллар салып, 10 жылда қанша табысқа кенелуге болады

Опубликовано:

Руслан есімді кейіпкеріміз 10 жыл бұрын депозитке мың доллар салды деп елестетейік. Бүгінгі таңға дейін ол шотқа тиіспей, ақша алып-салмаған. Нұрфин редакциясының журналситері валюта бағамын және осы уақыт ішінде қолданылатын пайыздық мөлшерлемені ескере отырып, қазір қанша ақша жинақталғанын есептеді.

10 жыл бұрын депозитке мың доллар салғанда, бүгін қанша ақшаға кенелер едіңіз
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Мысал ретінде біз нақты бір кезең үшін өзекті АҚШ долларындағы депозиттер бойынша орташа пайыздық мөлшерлемені алдық. Бұл ақпаратты ҚР Ұлттық Банкінің ресми сайтынан табуға болады.

АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамын біз 2008 жылдан бастап Ұлттық валюта құнының өзгеруі туралы ақпаратты сақтайтын электрондық мұрағаттан алдық. Курсты тіркеудің болжамды күні – 22 қаңтар.

2010 жылдың қаңтар айы: 8,4% және 147,91 теңге

Кейіпкеріміз 2010 жылдың 22 қаңтарында шартты автоматты түрде ұзарта алатын депозит ашты. Ол есеп шотына 1000 доллар немесе 147 910 теңге салды. Валюталық депозиттер үшін орташа мөлшерлеме сол сәтте 8,4% болды.

2011 жылдың қаңтары: 7,5% және 147,01 теңге

Бір жылдан кейін депозитте сол кездегі өзекті бағам бойынша 1 084 доллар немесе 159 358,84 теңге жатты. Шарт автоматты түрде 7,5% ставка бойынша ұзартылды.

2012 жылдың қаңтары: 7,3% және 148,32 теңге

2012 жылғы қаңтарда депозитте 1 165, 3 доллар немесе сол кездегі айырбас бағамы бойынша 172 837,3 теңге болды. Шарттың мерзімін ұзарту 7,3% пайыздық ставкамен жүргізілді.

2013 жылдың қаңтары: 6% және 150,67 теңге

Депозитте 1 250,37 доллар немесе 188 392,78 теңге жиналды. Сол кезде валюталық депозиттер бойынша орташа мөлшерлеме 6%-ды құрады.

2014 жылдың қаңтары: 5,2% және 155,3 теңге

Бір жылдан кейін депозитте валюта айырбастаудың өзекті бағамы бойынша 1 325, 39 доллар немесе 205 833,4 теңге болды. Депозит 5,2% ставка бойынша ұзартылды.

2015 жылдың қаңтары: 4,5% және 184,1 теңге

Бес жылдан кейін депозитте 1 394, 31 доллар – 256 692,52 теңге жиналды. Жаңа мөлшерлеме - 4,5%-ды құрады.

2016 жылдың қаңтары: 3,6% және 383,91 теңге

Бір жылдан кейін депозиттік шотта 1 457, 05 доллар, яғни 559 377,58 теңгені жиналды. Шарт тағы да ставка 3,6% ставкасымен ұзартылды.

2017 жылдың қаңтары: 2,7% және 331,87 теңге

2017 жылдың қаңтар айында депозитте 1 509, 5 доллар немесе 500 959, 03 теңге болды. Жаңа кезеңге депозиттің орташа мөлшерлемесі 2,7% құрады.

2018 жылдың қаңтары: 2,3% және 324,27 теңге

Тағы бір жылдан кейін депозиттегі шотта 1 550,26 доллар – 502 701,68 теңге жиналды. Депозит 2,3% ставка бойынша ұзартылды.

2019 жылдың қаңтары: 1,7% және 378,78 теңге

Накопления еще через год – 1 585,92 доллара или 600 713,25 тенге. И еще одна пролонгация произошла по ставке 1,7%.

Бір жылдан кейін жиналған қаражат - 1 585,92 доллар немесе 600 713,25 теңгені құрады. Және тағы бір артықшылық ставка 7% болды.

2020 жылдың қаңтары: 378,05 теңге

Нәтижесінде, қазіргі таңда Руслан 2020 жылдың 22 қаңтарына арналған өзекті бағам бойынша 1 612,88 доллар немесе 609 749,53 теңгені жинақтар еді.

Бұл ол о баста салған ақшадан 4 есеге артық. 147 910 теңге болған, ал қазіргі таңда қаражаты 609 749,53 теңге болды.

Егер Руслан бұл ақшаны депозитке теңгемен салғанда, соңғы он жылда орташа 10,1% ставкасымен 388 066,48 теңге жинар еді.

Естеріңізге сала кетейік, вице-министр кредит туралы заңға енген өзгерістерді түсіндірді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1837534-10-zyl-bryn-depozitke-my-dollar-salganda-bgin-kansa-aksaga-keneler-ediiz/

pixel