Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұл төлемесе не болады

Опубликовано:

Айыппұл заңды күшіне енген соң азаматтар оны бір ай ішінде өз еркімен төлеуге міндетті. Ал бір ай өткен соң айыппұл сомасы мәжбүрлі түрде құқық бұзушының шоттарынан алынады. Нұрфин журналистері осы жөнінде толығырақ біліп көруге тырысты.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

Әкімшілік айыппұлдарды, соның ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзған үшін төлемдерді төлеу ережелері Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 893-898 баптарында жазылған.

Көрсетілген бірінші бапта айыппұл салынған адамға оны өз еркімен төлеуге отыз күн берілетіні айтылған.

Қаулы құқық бұзушылық тіркелген соң 10 күннен кейін күшіне енеді. Яғни, айыппұл жазылған соң 10 күннен кейін 30 күндік мерзім есептеле бастайды.

Айта кетейік, егер сізге салынған айыппұлды бір апта ішінде төлесеңіз, соманың жартысын ғана төлеуге болады.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиевтің айыппұлдарды уақытылы төлеуге байланысты айтқан мәлімдемесін келтіріп өтті.

"Азаматтар әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұлдарды мемлекеттік бюджетке ҚР ӘҚБтК-нің 893 бабы екінші тармағында белгіленген тәртіппен төлейді.
Әкімшілік айыппұлды өз еркімен төлемеген жағдайда, құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 894 бабының ережесі қолданылады. Оған сәйкес, айыппұл салынғаны туралы хат немесе айыппұл төлеу қажеттілігі туралы бұйрық оның жұмыс орнына жіберіледі.
Егер айыппұл салынған адам жұмыс істемесе немесе басқа себептермен жалақысы мен басқа да табыстарынан қарызды өндіріп алу мүмкін болмаса, ҚР ӘҚБтК-нің 896 бабының ережелері қолданылады.
Оған сәйкес, айыппұл салынғаны туралы қаулы және оны төлеу қажеттілігі туралы бұйрық ҚР заңнамасында қарастырылған тәртіппен мәжбүрлі түрде өндіріп алу үшін қаулыны шығарған өкілетті органға, сот орындаушысына жіберіледі.
Дерекқор арқылы жұмысқа орналастыру үшін қажетті барлық ақпарат сұралады", – деп түйіндеді полиция полковнигі Жандос Мұраталиев.

Әкімшілік айыппұл туралы ақпарат және оны мәжбүрлі түрде өндіріп алуға қажетті құжаттар жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына жіберіледі. 2016 жылғы 1 тамыздан бастап бұл рәсім электрондық форматта жүзеге асырылады.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

Бүгінгі таңда айыппұлдарды төлеудің бірнеше жолы бар:

  • ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық қызметі

Бұл сайттың "Айыппұлдар туралы мәлімет" бөлімінде бар болғаны ЖСН мен жеке куәлік нөмірін теру жеткілікті. Айыппұлдарды тексеру және төлеу үшін порталға тіркелу қажет.

"Төлеу" батырмасын басқан соң электронды үкіметтің төлем қызметі ашылады, сол жерде банк картасының мәліметтерін енгізіп, төлем жасауға болады.

  • Сондай-ақ электронды үкімет порталының өзінде барлық айыппұлдарды тексеріп, төлеуге болады. Бірақ сайтқа электронды сандық қолтаңба арқылы ғана кіре аласыз.
  • Мобильді банкинг

Қазақстанның барлық дерлік банктері ресми сайттарындағы жеке кабинетте немесе мобильді қосымшада бірқатар қызметтерді төлеуге мүмкіндік береді. Олардың көбісінде жол қозғалысы ережелерін бұзған үшін айыппұлдарды да төлеуге болады.

Төлем жасау үшін авторизациядан өтіп, қажетті деректерді енгізу керек. Әдетте айыппұлдарды адамның аты-жөні немесе ЖСН-і арқылы тексеруге болады.

Айыппұл қолданыстағы банк шоты арқылы төленеді. Бұл төлемдерді жасағанда ақшаның қайтарымы мен бонустар қосылмайтынын айта кету керек.

Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі дерекқорымен тығыз байланыста жұмыс істейтін банктер айыппұл төлемдерін онлайн режимде қабылдайды. Алайда, кейбір жағдайларда қарызды алып тастау үшін айыппұл салған органға оның төленгені туралы түбіртекті ұсыну қажет болады.

  • Онлайн кассалар

Түрлі төлем қызметтерінің порталдарында ЖСН, автокөлік нөмірі және қарыз өтеушінің аты-жөні арқылы айыппұл туралы мәліметтерді біліп, төлем жасауға болады. Төлем жүргізу үшін интернет төлемдер қызметін қолдайтын кез келген қазақстандық дебеттік картаның мәліметтерін енгізу қажет. Картадан айыппұл сомасымен бірге белгілі бір мөлшерде комиссия ұсталады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1841362-zol-kozgalysy-erezelerin-bzgan-sin-ajyppl-tlemese-ne-bolady/

pixel